Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2024
Жергілікті өнімнің үлесі неге аз?
Аграрлы өңір болған соң, бізде өзіміз өндіретін өнім түрі жетерлік. Бірақ бәрін бірдей сауда дүкендерінен таппайсыз. Көпшілік күнделікті тұтынатын тауарларын жергілікті өнім деп ойлайды екен. Алайда олай емес. Облыста шетелдік өнімдердің үлесі әжептәуір. Бұл жағдай тек біздің облыста ғана емес, өзге өңірлерде де көптеп кездеседі.
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2024
Соңғы жылдары аймақтағы күріш өндірісімен айналысатын ірі шаруашылықтар агротехникалық талаптарды сақтауға ден қойған. Ел ырысын ысырап етпей жинап алу қамымен жүрген диқандардың биылғы табысы көп жылдардан бері қол жетпеген көрсеткіш болып отыр.
Медицина • 26 Қыркүйек, 2024
Шетелден шипа іздеу – отандық медицинаға сын
Осы күні шекара сыртынан ем іздеген науқас көп. Әсіресе қатерлі ісікке шалдыққандар арасында қайырымдылық қорларын жағалап, шетел дәрігерлерінің қолынан ем алғысы келетіндер жетерлік. «Біздегі Орталық Азиядағы теңдесі жоқ» емдеу орталықтары мен қыруар қаржыға сатып алынған соңғы техникалардың қауқары қатерлі ісікке шалдыққандарға үміт сыйлай алмағаны ма? Отандық медицина саласына тыңнан түрен салып, әлемдік жаңалық ашып жатқан мамандарымыз алдына келген науқастың дертін дөп баса алмайтыны қалай?
Пікір • 26 Қыркүйек, 2024
Фейк ақпаратты тексеретін бағдарлама іске қосылды
Жаһанда шындыққа жанаспайтын, алайда дереккөз ретінде ұсынылып, қоғамды жаңылыстырып жүрген фейк ақпараттар көп.
Өндіріс • 26 Қыркүйек, 2024
Заман сұранысына бейімделген кәсіпорын
Петропавл қаласында КСРО Әскери-өнеркәсіп кешенінің бес бірдей ірі зауыты болғанын бұрын да жазған едік. Бәрі де Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ресей қалаларынан көшіріліп әкелінген. Соғыс аяқталған соң оларды қайта бұзып, көшіріп әкету одақтың саяси бағытына да, экономикалық мүддесіне де кереғар болып, елімізде қалдырды. Зауыттар теріскейді басқа халықтармен толтыруға қызмет еткенімен, облыстың экономикасын өрістетуге жол ашты.