Пікір • 26 Қыркүйек, 2024
«Масс-медиа туралы» заңға ерекше мәртебе берілді
Медиа сауаттылық бағытында министрлік тарапынан 2021 жылдан бері кешенді жұмыс атқарылып келеді. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе «Медиа және қаржылық сауаттылық» пәні оқу бағдарламасына енгізілді. Яғни мектептерде 5-11 сынып оқушыларына жаһандық деңгейдегі мәселенің курстары оқытылып жатыр.
Сараптама • 26 Қыркүйек, 2024
Жаһан жастарының дамуы қай деңгейде?
Ел болашағын қалыптастырудағы маңызды бағыттың бірі – жастардың дамуы. Бұл саланы 50 жылдан аса уақыт бойы зерттеп келе жатқан «The Commonwealth Secretariat» Достастық хатшылығы атты бірлестік бар. Биыл көктемде осы бірлестік «Жастардың жаһандық даму индексі – 2023» деп аталатын ғылыми есепті жариялады. Бұл есепте 183 елдегі ілгерілеу өлшенген.
Форум • 26 Қыркүйек, 2024
Медиа саласындағы цифрлық үндестік
Астанадағы «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінде отандық медиа индустрияны дамыту және іскерлік қатынастарды күшейтуге бағытталған, сондай-ақ еліміздегі мемлекеттік, тәуелсіз, кәсіби әрі жаңарған БАҚ-тың басын қосатын ауқымды іс-шара Astana Media Week-2024 апталығы басталды. Биыл сегізінші мәрте өткізіліп отырған дәстүрлі іс-шараны әдеттегідей Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.
Білім • 26 Қыркүйек, 2024
Қазіргі жаһандану заманында білім беру, тек академиялық біліммен шектелмейді. Оқушылардың жаһандық мәселелерді терең түсінуі, сыни ойлау қабілеті, экологиялық білім, адам құқығы, этика (көркем мінез), өмір сүру қауіпсіздігі, медиасауаттылық һәм қаржылық сауаттылық секілді дағдыларды меңгеруі осы күннің маңызды талаптарына айналып отыр. Аталған дағдылар осы ғасырдың басты қажеттіліктерін толық қамтып, ел болашағына ықпал етеді.
Технология • 26 Қыркүйек, 2024
Қарғалы ауданы Бадамша мектеп-бөбекжай бақшасының 7-сынып оқушысы Артур Нечаев ұялы телефондар мен портативті қондырғыларды кез келген жерде қуаттауға арналған термоэлектрлік генератор ойлап тапты.