Білім • 26 Қыркүйек, 2024

Танымды кеңейтетін жол

176 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазіргі жаһандану заманында білім беру, тек академиялық біліммен шектелмейді. Оқушылардың жаһандық мәселелерді терең түсінуі, сыни ойлау қабілеті, экологиялық білім, адам құқығы, этика (көркем мінез), өмір сүру қауіпсіздігі, медиа­сауаттылық һәм қаржылық сауаттылық секілді дағды­лар­ды меңгеруі осы күннің маңызды талап­тарына ай­на­лып отыр. Аталған дағдылар осы ғасырдың бас­ты қажет­ті­ліктерін толық қамтып, ел болашағына ықпал етеді.

Танымды кеңейтетін жол

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында білім беру жүйе­­сіне ерекше мән беріп, жаһандық құзы­реттердің маңызын ерекше атап өткен еді. Мемлекет басшысы сыни ойлау қабілеті мен бі­лімділік қасиеті бар жас­тар – ұлт болашағын қа­лып­­тас­ты­ру­дағы негізгі фак­тор екенін айтты. Жас­тарды жаңа сын-қатерлерге ­да­йындау және олар­дың әлемдік аре­на­да бәсекеге қабілетті болуын қам­тамасыз ету үшін білім беру жүйе­­­­сінде ке­шен­ді ре­­форма­лар жасалып жатыр. «XXI ға­­сыр­да бі­лім­ді жас­тар­­­дың жа­ңа сын-қа­тер­­­­лер­ге дайын ­болуы аса ма­ңыз­ды», де­ген Пре­зи­дент білім бе­­­ру­ді жаңғырту­­­­­дың ма­­ңыз­­ды­лы­ғы­на баса на­зар аударған ­бо­латын.

Осы орайда биыл Arman-PV баспасы «Жаһандық құ­зы­­рет­тер» атты арнайы оқу­лық­тар мен оқу-әдістемелік кешен әзірледі. Аталған жоба 5-9 сынып оқушыларына арналып, заманауи білім беру талаптарына сәй­­кес дайындалды. Оқулық авторлары – елі­міздің беделді педагог-ғалымдары, ше­бер әдіскерлер мен тәжірибелі ұс­таздар. Олар оқу­шы­ларды қазіргі қо­ғам­ның талап­тарына бейімдеп, қажетті құзы­р­еттермен қаруландыруға бағыт­тай­тын материал­дар ұсынып отыр.

ва

Атап айтсақ, «Этика және әдеп» бөлімінде оқушылар әділдік пен жауап­­кершілікті үйренсе, «Азаматтық және патриотизм» бөлімінен қоғам ал­дындағы міндеттерін терең түсінеді. Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық жал­ған ақпараттан қор­ғану мен отбасылық бюджетті тиім­ді басқаруға баулиды. «Өмір сүру қауіп­сіздігі» төтен­ше жағ­дай­ларда өзін-өзі қор­ғау дағ­дыларын дамытып, «Эко­ло­­гия­лық мәдениет» оқушыларды та­би­ғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен экологиялық жауап­кершілікке тәр­биелейді. Аталған бөлімдер жас ­өс­кін­дерге еліміздің стра­­те­гиялық мақ­сат­тарына сай бі­лім беріп, оны күн­де­лікті өмір­де қолдануға мүмкіндік береді.

Білім беру саласында озық дамы­ған елдерді мысалға алар болсақ, мә­селен, Финляндия білім беру жүйе­сі оқушыларды сыни ойлау, шы­ғармашылық және дербес шешім қабылдау дағдыларына баулып, жо­ғары деңгейге көтер­ді. Бұл жүйенің ерек­­­шелігі – оқу­шы­­лардың еркін ой-пікір қалып­тас­ты­руы­на жә­не­ шы­ғар­ма­­шы­­лық қа­бі­­лет­терін ашу­ға толық мүм­кін­­­дік береді. Ал АҚШ пен Ұлыбритания жүйе­лерінде медиа­сауаттылық пен қаржылық сауат­ты­лыққа ай­рықша көңіл бөлінеді. Бұл елдер оқу­шыларды ақпараттық орта­да дұрыс шешім қабылдауға, қар­­жылық са­уат­тылықты мең­ге­руге үйре­тіп, олар­ды жаһандық қо­ғам­ның бел­сенді мү­­ше­­лері ретін­де тәрбиелеуге басым­дық береді.

Қазіргі таңда оқушылар жа­һандық құзыреттерді қосым­ша сабақ ретінде өз қалауымен оқи­ды. Алайда бұл дағ­дылардың маңыздылығын ескеріп, уақыт өте келе жаһандық құзыреттерді негіз­гі пән ретінде оқыту қажет­тілігі туын­дайтыны айқын. Бұл – болашақтың еншісінде, бірақ заманауи әлемнің талап­тары мен өзгерістері осы құзы­рет­терді меңгеруді міндетті түр­де қажет етеді. Сыни ойлау, медиа­сауат­тылық және қар­жылық сауат­тылық секіл­ді дағ­ды­лар – бола­шақ ұрпақтың қо­ғам­да өз ­орнын тауып, табысты өмір сүруі үшін ең маңызды қабі­лет­тер­дің бірі.

Arman-PV баспасынан жарық көрген оқулықтар, тек теориялық білім­мен ғана емес, практикалық құзы­­­рет­терді қалыптастыруға бағыт­тал­ған, бұл – жастардың келе­­шекте табысты тұлға болып қалып­тасуына кө­мектеседі. Осы құзы­реттерді меңгерген ұрпақ – ел­дің дамуына және оның әлемдік аре­нада бәсекеге қабілетті болуы­на айтарлықтай үлес қосатын қоз­ғау­шы күш болмақ.

 

Айгүл БЕКБОЛАТОВА,

Arman-PV баспасының бас редакторы