Саясат • 24 Қыркүйек, 2019
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы ашылды. Беделі биік ұйымның үш күнге, яғни 23-25 қыркүйек күндері аралығына жоспарланған сессиясына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, баяндама жасайды деп күтілуде.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Ғылым кандидаты PhD-ді қайта оқуы керек пе?
Редакциямызға бір оқырманымыз хабарласып, ғылым саласындағы өзекті мәселені көтерді. Ол Қазақстанда алған ғылым кандидаты атағымен шетелде жұмыс істемек көрінеді. Алайда шетелдік жоғары оқу орны басшылығы PhD диплом сұратыпты. Ал елімізде PhD дәрежесі ғылым кандидаты атағымен теңестірілген еді. Екі құжат та бір деңгейде болса, неліктен жұмысқа орналасуға жарамайды?
Руханият • 24 Қыркүйек, 2019
Латын әліпбиіне қатысты семинар өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының жетекшілігімен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» тақырыбында өткен семинар кеңесте жоғары оқу орындарында, мемлекеттік органдарда тілді дамыту орталықтарының мамандары өзекті ұсыныстарымен бөлісті.
Руханият • 24 Қыркүйек, 2019
Қазақ хандары ұстанған бұйымдар қайда?
Осыдан 4 жыл бұрын, 2015 жылы сол кездегі Сенат депутаты Қуаныш Айтахановтың Түркістан қаласынан «Хандар мұражайын» ашу туралы ұсынысы Үкіметтің назарына енді жетті. Бүгін Түркістан қаласының жобасында хандар мұражайына орын бар деген хабар алдық.
Кино • 24 Қыркүйек, 2019
Әлмира Тұрсын: Менің ішімде өз Томирисім өмір сүреді
Түбі бір түркі жұртының тұтастығы жолына ғұмырын арнап, тағдырын қиған даңқты қолбасшылар, жаужүрек батырлар тұлғасы тарих үшін қашанда қастерлі. Уақыт-ағзам алақанында әлдеқашан жазылып қалған ақиқат кейінгі ұрпаққа ғұмырлық тағылым десек те, сол дала данышпандарын лайықты деңгейде ұлықтай алып жатырмыз ба?! Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында ерекше тоқталып: «Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар» – деп, өскелең ұрпақтың танымын тағылымды тарихпен суарып, патриоттық рухта тәрбие алуына, жас өскіндер санасына ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы фильмдер мен сахналық қойылымдарды жарыққа шығару жұмыстарына барынша назар аудару керектігін айрықша атап өткен болатын. Ұсыныс баянды бастамаларға арқау болып, ұлттық кинематография бірнеше сапалы көркем туындымен толығып үлгерді. Соның бірі – «Томирис» фильмі. «Томирис» кино тілінде сөйлейді» деген ақжолтай хабарды естігеннен бастап-ақ премьера күнін көпшілік қауым асыға күтті. Әсіресе басты рөлді сомдайтын актрисаның таңдалуы қызу талқыға түскені де ұмытыла қойған жоқ. Қазақстанды былай қойғанда, атағы күллі түркіні шарлап кеткен туынды халықтың төл тарихын тануға деген ынта-ықыласын әйгілеп берді. Санаулы күннен кейін отандық режиссер Ақан Сатаевтың көркем сараптауында көпшілікпен қауышқалы отырған картинада басты рөлді кино әлеміндегі жаңа есім – Әлмира ТҰРСЫН сомдайды. Аты аңызға айналған әйгілі Сақ патшайымын өз биігінде бейнелеу жолында тер төккен актрисамен фильм тұсаукесері алдында жолығып, аз-кем ой бөлісудің сәті түскен еді.