Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2018
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұлттық әдебиетіміздің көрнекті өкілі, белгілі журналист Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел Тоқаев – жазушы, журналист, қайраткер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Зиялы қауым өкілдері, университет ұстаздары мен студенттері, қаламгердің ұрпақтары қатысқан жиынды ҚазҰУ-дің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов кіріспе сөзбен ашты.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2018
Қазақстан Дамуға жәрдемдесу комитетінің отырысына қатысты
ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің Директоры Олжас Исабеков Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) шақыруымен ЭЫДҰ Дамуға жәрдемдесу комитетінің (ДЖК) басқару мәселелері жөніндегі 25-ші пленарлық отырысының жұмысына қатысты.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2018
Оңтүстік Кореяның «дәнекерлік дипломатиясы»
Биылғы қыркүйектің 23-і күні Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Иннің АҚШ-қа сапары басталды. Ол Сеулден Нью-Йорк қаласына аттанды. «Президент Мун Чже Ин алдағы күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясына қатысады. Сонымен қатар Мун Чже Ин мен АҚШ президенті Д.Трамп келіссөз жүргізеді», деп хабарлады Корея үкіметінің баспасөз қызметі. Оның сапары бес күнге жалғасады.
Білім • 25 Қыркүйек, 2018
Экономика • 25 Қыркүйек, 2018
Елімізде күзге салым қантқа қатысты дүрбелең болып тұруы жыл сайынғы әдеттегі жағдайға айналғандай. Әдетте бұл дүрбелеңді көбінесе тосап қайнатуға құмар тұтынушы қауым бастап жататын. Бұл жолы өндірушілер мен жеткізушілер тарапынан туындады. Жуықта кейбір отандық сайттарда «Raimbek» компаниясы өкілдерінің Қазақстан нарығында қант тапшылығы болуы мүмкін екендігі туралы мәлімдемесі жарияланды. Бұл мәлімдемеге Ұлттық экономика министрлігі тиісті жауабын да беріп үлгерді. Онда Қазақстанда қант тапшылығы туындайтындай қауіп жоқ екендігі айтылды.