Пікір • 25 Қыркүйек, 2024
Денсаулық сақтау жүйесіне реформа қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қоғамдағы көкейкесті мәселелердің тамырын тап басқан, еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленген құжатқа айналды.
Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2024
Ақмолалық диқандар бітік егіннің әр дәнін шашау шығармай, жерде өскенді жерде қалдырмай жинап алу қамына кіріскен. Қауырт қимылдың нәтижесінде жауапты науқан өрмек жүзінен ауды.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2024
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) мәліметінше, біздің мемлекет экономиканың 30 негізгі секторының 20-сына араласады. Компаниялардың 10%-ы, ал барлық ірі компанияның 50%-ы – мемлекет бақылауында. Жалпылама қарағанда, бұл көрсеткіш – «өсім мемлекеттік сектор мен компанияларға тиесілі болмауға тиіс» деген ұстанымымызға қарсы. Дүниежүзілік банктің эмпирикалық зерттеулері де үрейлі үрдістің жақсылыққа апармайтынын айтып жүр. Осы мәселеге «Экономикалық релятивизм» тұжырымдамасымен қарап көрелік. Философияда бұл ұғым «Ақиқат жалғыз, шындық екеу, шешім көп» деп түсіндірілсе, экономика «Ақиқат та, шындық та жалғыз, шешім белгісіз» деп түсіндіреді.
Қаржы • 25 Қыркүйек, 2024
Кейінгі бес жыл бедеріндегі технологиялық жетістіктер көп нәрсенің маңызын елеусіз етіп өте шықты. Әсіресе сауда үйлерінің кіре берісінде тұратын абажадай терминалдар күннен күнге «көзі тірі жәдігерге» айналып бара жатыр. Төлем терминалы деп аталатын бұл құрылғылармен қазір ешкім коммуналдық ақы төлемейді, ақша аудармайды, телефон шотын да толықтырмайды. Соңғы кезде қолдың басындай POS-терминалдар да «аға буынның» жолын құшқандай.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024
Қысқа дайындықты жазда қолға алған Ақтау қаласында жылу құбырларын жөндеу жұмыстарының саябырсуы тұрғындардың алаңдауына түрткі болды. «Күн суытып келеді, жылу қосылу уақыты жақындады, көшедегі жұмыстар баяу жүріп жатыр», деп жұрт жергілікті әкімдікті мазалай бастады.