Қоғам • 06 Қыркүйек, 2021
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігі» жинағы жарық көрді. Бүгінде баспасөз беттерінде сөздер мен тіркестерді орынсыз немесе қате қолданушылар жиі кездеседі. Бұл мәселенің шешімі ретінде сөздерді қате қолданудың 2 мыңнан астам нақты мысалы жинақталған сөздік дайындалды. Айта кетейік, мұндай сөздік елімізде тұңғыш рет құрастырылып отыр.
Әлем • 06 Қыркүйек, 2021
Израиль тәжірибесі: қандастарға қамқорлықтың озық үлгісі
Әлемнің көптеген елі өздерінің шетелдік отандастарын, яғни отанына оралғандарды және басқа елдерге көшкендерді екіжақты қолдау саясатын белсенді түрде жүзеге асыруда. Осы орайда шетелдердегі отандастарды атамекенге тартуға және мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету мәселесінде Қазақстан үшін израильдік тәжірибе тиімдірек болуы мүмкін деп ойлаймыз.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2021
Көпбалалы отбасыларға тиесілі көмек талапқа сай емес
Шалғайдағы шалқарлық аналарды Алматыға дейін әкелген мәселені баяндамас бұрын, бірқатар жайтқа тоқтала кеткен жөн. Расында, мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды қолдауда аз жұмыс атқарып отырған жоқ. Алайда аманат неге адал орындалмайды? Қандай қиын заман болса да жетім мен жесірдің несібесіне ортақтасу әдет-ғұрпымызда бар ма еді? Обал мен сауапты аттаған мұндай оқиғаларға кім кінәлі? Өңірлерде қылаң беретін келеңсіздіктер неге елді шулатпай-ақ реттелмейді?
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021
Білімді жас, болашаққа қадам бас!
Жаңа оқу жылының оффлайн басталуы аймақ оқушыларын шаттыққа бөлесе, бірқатар ауылда жаңа мектептер ашылып, балалар мен ата-аналардың қуанышын еселей түсті. Жалпы, биыл Алматы облысында барлығы 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал басталған жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 47 мыңға жуық бала барды. Аймақтағы оқушылардың жалпы саны 438 мыңға жетті.
Медицина • 06 Қыркүйек, 2021
Вирусолог мамандарды даярлайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен (БҚПҒЗИ) бірлесе отырып, вирусолог мамандарды даярлайтын болады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орны осы бағытта магистранттар мен докторанттарды оқытады. Министр әлемдік пандемия эпидемиология және вирусология саласындағы мамандарды даярлау қажеттілігін айқындай түскендігін атап өтті.