Руханият • 01 Қыркүйек, 2020
Қарқаралы. 2011 жыл. Кеңес Одағының кезінде цензураның әлегінен жанартаудай буырқана қайнаған жыр тасқынын атқылай алмай іште кеткен ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай, туған жерінде өз атындағы ауылдың іргесіндегі тау баурайында дүбірлеп өткен республикалық мерейтойдың аяғы ән-жырмен жалғасты. Әсіресе еліміздің әр түпкірінен келген дәстүрлі ән шеберлері сағынышпен қауышып кешкі астан кейін Арқаның алтын тәжі Қарқаралы етегіндегі айдын көлдің жағасында орналасқан «Тасбұлақ» демалыс үйінің жанындағы тау етегіндегі алаңқайға алқақотан жайғасып сырласа отырып, ән бастап кеткелі қаншама уақыт болды.
Футбол • 01 Қыркүйек, 2020
Аңызға бергісіз ойын «Атлетико» & «Арландар» – 0:1
2019 жыл. Шілде айы. Португалия. Халықаралық Брага турнирі. 1/4 финал. Қарсылас Испаниядан келген азулы команда. 1:0 есебімен жеңіске жеттік. Бірақ... Мойындай алу да ерлік қой, негізі таблодағы есеп бойынша жеңгенімізбен, футболда жеңілдік. Яғни, ешқандай ойын көрсете алмадық. Ал «Атлетико» әлемдік деңгейдегі ойын көрсетті.
Білім • 01 Қыркүйек, 2020
1 қыркүйек – Білім күні. Биылғы қыркүйек бұрынғыдан өзгерек болып тұр. Себебі еліміздің тарихында алғаш рет жаңа оқу жылы жаңа бағытта, яғни қашықтан оқыту форматында басталды. Бұл – эпидемияның алдын алу мақсатында қабылданған мәжбүрлі шешім. Дегенмен мектепте оқуға мүмкіндік алып отырған балалар да бар. Бастауыш сыныптардағы 530 мың бала ата-аналарының өтінішімен мектепте ашылған кезекші сыныптарда оқиды. Сонымен қатар бала саны 180-нен аспайтын шағын жинақты мектептердің 202 мың оқушысы дәстүрлі форматта білім алады.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020
800-ден астам ауылда интернет жоқ
Қазақстандағы 4 646 елді мекен кең жолақты интернетке қосылған. Алайда 900-ге жуық ауылдық жерде ғаламтор желісіне деген тапшылық әлі де байқалуда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко айтты. Ведомство жыл соңына дейін ауылда тұратын 99,3% пайыз халықты қажетті байланыс желісімен қамтуды көздемек.
Театр • 01 Қыркүйек, 2020
Балетті бекзат өнер дейтініміз де сол шығар, оның көрермендері көп емес. Алайда бұл ақсүйек мамандықтың бәсі басқалардан төмен дегенді білдірмейді. Мәдениеті мыңжылдықтармен тамырлас батыс елдерінде балетке бару үлкен рухани демалысқа баланады. Нарықтық экономикадан рухани жаңғыруға жаңа бет алған бізде балет театрына билет алу енді-енді қалыптасып келе жатыр.