1 қыркүйек – Білім күні. Биылғы қыркүйек бұрынғыдан өзгерек болып тұр. Себебі еліміздің тарихында алғаш рет жаңа оқу жылы жаңа бағытта, яғни қашықтан оқыту форматында басталды. Бұл – эпидемияның алдын алу мақсатында қабылданған мәжбүрлі шешім. Дегенмен мектепте оқуға мүмкіндік алып отырған балалар да бар. Бастауыш сыныптардағы 530 мың бала ата-аналарының өтінішімен мектепте ашылған кезекші сыныптарда оқиды. Сонымен қатар бала саны 180-нен аспайтын шағын жинақты мектептердің 202 мың оқушысы дәстүрлі форматта білім алады.

Суретті түсірген Ерлан Омар, EQ
Әлбетте, бұл оқу орындарының бәрі санитарлық талаптарды сақтауға тиіс. Бірақ талаптарды сақтап, белгіленген тәртіппен жүрудің айтуға ғана оңай екеніне осы уақытқа дейінгі карантин кезінде көзіміз анық жетті. Сондықтан оқу барысы қалай қадағаланады? Кімдер қадағалайды? Оқушылар сабақ арасында үзілістерге шығуы керек. Ол жағы қалай реттеледі? Вирус жұқтыру дерегі анықтала қалған жағдайдағы іс-қимыл қалай болады? Осыған дейін қашықтан оқыту үшін балалардың бәрі қажетті техникалармен, сапалы интернет байланысымен қамтылатыны айтылды. Оқушыларға компьютерлер, гаджеттер таратылды. Бұл іске қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, меценаттар да жұмылғанын білеміз. Дегенмен барлық оқушы тиісті техникамен толық қамтылды деп нық сеніммен айта аламыз ба? Көкейде жүрген сауал көп.
Сонымен, І тоқсанда оқушыларды қашықтан оқыту жоспарланып отыр. Одан кейінгі тоқсан-
ның қалай болатыны елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты. Бұл формат ата-аналарға да, педагог қауымға да, оқушыларға да, жалпы білім беруге жауапты барлық мамандарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Кез келген өзгерістің қайыры бар десек, қашықтан оқытудың да жақсы жақтары болары анық. Жаңа формат оқушылар мен ұстаздарды жаңа машықтарды игеруге мәжбүрлеп қана қоймай, тұтастай білім беру жүйесін цифрландыру ісіне де мәжбүрлі түрде серпін берді.
Нарықтық заманда бәсекелестіктің маңызы өте зор. Отандық білім беру жүйесі қашықтан оқыту форматына көшкен сәттен бастап онлайн білім беру платформалары арасында бәсеке пайда болды. Ал бәсеке әрдайым дамуға бастайды.
Кеше Білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі форматта оқытуға мүмкіндік алған оқу ошақтарындағы санитария талаптары қатаң сақталуы тиіс екенін айтты. Егер мектепте бір адамнан, яғни мұғалім немесе оқушыдан коронавирус анықталған жағдайда мектеп карантинге жабылады. Бас санитар дәрігер бекіткен талаптар бойынша кезекші сыныптардағы сабақтың басталу уақыты мен қоңырау кестесі әртүрлі болуы тиіс. Әр сынып бір бөлмеде ғана оқытылуы керек. Содан соң бөлме жиі желдетіліп, уақытында кварцталып, тиісті зарарсыздандыру құралдары қолданылып, әлеуметтік арақашықтық сақталуы қажет. Сондай-ақ әр кезекші сыныпқа бір мұғалім ғана бекітіледі.
«Осы талаптар орындалуда. Кеше Ақмола облысындағы ауыл мектебі мен елордада орналасқан оқу ошағындағы жаңа оқу жылына дайындық барысын бақыладым. Әріптестерім де, жергілікті атқарушы органдар да осы жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастырып жатыр. Бұдан бөлек біз арнайы мектеп-интернаттарына да мүмкіндік бердік. Ондағы ерекше білімді қажет ететін оқушылар да ата-аналарының өтініші бойынша штаттық режімде оқи алады. Бұл ретте балалар интернатта тұрады және мектеп жабық режімде жұмыс істейді. Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады», деді А.Аймағамбетов.
Енді студенттер жайына келсек, министрліктің жақында жариялаған ақпаратына сүйенсек, еліміздегі барлық студенттер үшін биылғы жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды.
Мұндағы бір ерекшелік, 2-4 курста оқитын бакалавриаттарға қатысты болып отыр. Олардың ішінде педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттардағы студенттер күзгі семестрді толық қашықтан оқиды. Ал жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың аралас форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді. Зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады.
Екіншіден, магистранттар магистратураға қабылдау емтихандары кеш аяқталғандықтан жаңа оқу жылын
14 қыркүйекте қашықтан оқып бастайды. 2-курс магистранттары үшін зерттеу жұмыстары да қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру магистранттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.
Үшінші, докторанттар оқуды қашықтан оқыту форматында бастады. 1-курс докторанттары толығымен қашықтан оқиды. Ал 2-3 курс докторанттары қажет болған жағдайда арнайы өтініш жазып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын штаттық режімде зертханаларда жүргізе алады.
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Энтони Блинкен: АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Саясат • Бүгін, 09:41
Қазақстанда 32 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:35
Петропавлда есірткі зертханасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:19
Теңіз жаяу әскерлері жас сарбаздармен толықты
Қоғам • Бүгін, 09:18
Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады
Спорт • Бүгін, 09:09
Елімізде бір тәулікте 2307 адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Қыран қанатында қалықтаған жыр
Руханият • Бүгін, 08:43
Руханият • Бүгін, 08:39
Электронды коммерцияны дамытуға бағытталған жоба
Экономика • Бүгін, 08:36
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Руханият • Бүгін, 08:33
АҚШ климаттың жылынуына алаңдаулы
Әлем • Бүгін, 08:30
Индонезияда сүңгуір қайық жоғалып кетті
Әлем • Бүгін, 08:29
Жаңа терминал инвестициялық әлеуетке серпін береді
Экономика • Бүгін, 08:25
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Қоғам • Бүгін, 08:21
Руханият • Бүгін, 08:15
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 08:12
Спорт • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:08
Бокс • Бүгін, 08:06
Руханият • Бүгін, 08:02
Саясат • Бүгін, 08:00
Тәуелсіздік тірегі – ел бірлігі (Ынтымақ – бұзылмайтын қорған, бірлесе еккен ағаш – орман)
Қазақстан • Бүгін, 08:00
Алаш топырағындағы алтын тарих
Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:00
«Хайлайт» сынында бет қаратпады
Оқиға • Бүгін, 07:59
Көкейкесті мәселелер – сенаторлар назарында
Парламент • Бүгін, 07:57
Аймақтар • Бүгін, 07:52
Қоғам • Бүгін, 07:51
Ақтөбеде «жол жыры» қайта басталды
Қоғам • Бүгін, 07:48
Қоғам • Бүгін, 07:47
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Жаппай вакциналау алгоритмі жасалды
Медицина • Бүгін, 07:35
Әлем • Бүгін, 07:32
Репродуктивтілік мәселесімен жүгінгендердің жартысы жастар
Медицина • Бүгін, 07:25
Аймақтар • Бүгін, 07:24
Өз вакцинасын әзірлеген әлемдегі бес елдің қатарындамыз
Қазақстан • Бүгін, 07:20
Тіл мен тарих – халықтың қос қанаты
Оқиға • Бүгін, 07:17
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар