Театр • 26 Қыркүйек, 2022
Жазушы Оралхан Бөкейдің драматург ретіндегі төл мұрасын сахнаға шығарып, көрерменімен қауыштыруда Қазақстанның еңбек сіңірген белгілі, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың сіңірген еңбегі ерен. Ең алғаш 1982 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында корей режиссері Мең Дон Уктың режиссерлігімен қойылған «Қар қызы» лирикалық драмасында бас кейіпкердің бірі – Бақытжанды театр тарихында алғаш болып сомдаса, кейінірек режиссер ретінде де және бірқатар пьесасына сахналық ғұмыр сыйлады. Сондай туындының бірі – «Атау кере» шығармасы.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2022
«Кіші әлем чемпионаты» деп аталған турнир
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесін сарапқа салған қазақ күресі турнирі биыл Сайрам ауданының Ақсукент ауылында өтті. Осындағы орталық дендросаябақта ұйымдастырылған додаға Түркістан облысының түкпір-түкпірінен құрамында 130-ға жуық спортшы бар 20 команда қатысты.
Футбол • 26 Қыркүйек, 2022
Әліп Әзербайжанның жеңісіне «көмектесті»
Футболдан Ұлттар лигасының үшінші маусымы Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқталды. Айтулы турнирдің алдыңғы екі маусымында ілініп-салынып өнер көрсеткен жерлестеріміз биыл ер кезегі үшке дейін деген ұстанымды басшылыққа алып, Ұлттар лигасындағы басты мақсатына қол жеткізді. Өз тобында бірінші орын алып, «В» лигасына тікелей жолдамаға ие болды. Жыл басында ғана «D» дивизионына түсіп қалудың аз-ақ алдында тұрған ұлттық құрама ұландары арада алты ай өткенде жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады.
Таным • 26 Қыркүйек, 2022
Қазақ жерінің көне дәуірдің көмбесіндей құпиясы әлі толық ашылған жоқ. Талай ғасырдан сыр шертетін көне қалашықтың бірі Атырау облысынан табылып отыр.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2022
Өткен сенбінің кешінде жыр алыбы Жамбылдың рухы аспандап берді. Астана төрінде. Дәлірек айтқанда, Тәшенов көшесінің бойындағы Жамбыл Жабаев ескерткішінің алдында республикалық «Күй анасы» қорының ұйымдастыруымен ақын шығармашылығына арналған V «Жыр мен күй жәрмеңкесі» өтті. Онда жас жеткіншектер Жамбыл жырларын оқып, күй шертті.