Театр • 24 Қыркүйек, 2024
Театр тарландары – Ертіс-Баян өңірінде
Павлодарда «Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестивалі өтіп жатыр. Өнер додасы 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Онда алғашқы іріктеуден өткен 11 театр өз қойылымдарын көрсетеді.
Архив • 24 Қыркүйек, 2024
Жұртшылыққа таныстырылған ата тарих
Өткен апта соңында Астана төрінде Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Ұлттық архиві» мен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мекемелері бірлесіп, «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба аясында Ашық есік күнін өткізді.
Мәселе • 24 Қыркүйек, 2024
Әскердегі әлімжеттіктің әуресі
Әскери қызметшілер арасында түсініксіз жағдайдағы өлім-жітім мен жарақат алу оқиғаларының көбеюінен кейін қоғамда әскер саласындағы әлімжеттік тақырыбы желдей есіп тұр. Көптің талқысына түскен мәселеге жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында арнайы тоқталып, қауіпсіздік пен тәртіпті нығайту қажеттігін айтты. Ол Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты екенін еске сала келе: «Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады», деді.
Театр • 24 Қыркүйек, 2024
«Ақ кеме» керемет-ақ, әттеген-айы да бар...
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры 96 маусымын Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» пластикалық қойылымының премьерасымен ашты.
Әскер • 24 Қыркүйек, 2024
Азаматтық борыштан бас тартпайды
Қыркүйек айынан азаматтарды мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін жалғасатын науқан аясында облыс бойынша 800-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.