Спорт • 24 Қыркүйек, 2024
Футзал: Қарсыласымыз – Португалия
Футзалдан Өзбекстанда жалауы желбіреген әлем чемпионатында ұлттық құрама плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынында Португалия ойыншыларына қарсы алаңға шығады. 26 қыркүйекте Әндіжан қаласын дүбірге бөлейтін тартысқа Рикардо Кака шәкірттері тас түйін дайын отыр.
Шахмат • 24 Қыркүйек, 2024
Шахматтан еліміздің қыздар құрамасы жаһандық додадан тарихи нәтижемен оралды. Ой-өре бәйгесінде саңлақтарымыз әлемнің таңдаулы құрамалары арасынан озық шығып, күміс жүлдегер атанды.
Кәсіпқой бокс • 24 Қыркүйек, 2024
Алматыдағы «Sadu Arena» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті. Отандық «Irfin Promotions» компаниясы ұйымдастырған турнирге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Танзания, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Үндістаннан келген былғары қолғап шеберлері қатысты.
Таным • 24 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Орман қорғаушы жасанды интеллект
Ұлыбритания ғалымдары ормандағы өртті хабарлайтын құрылғы жасады. Тың технология қиядағыны байқап, от шықса, шұғыл дабыл қағады.
Аңдатпа • 24 Қыркүйек, 2024
27 қыркүйек - «Shock қыздар» Музыкалық жас көрермен театрында Кен Людвигтің «Shock қыздар» комедиясы ұсынылады. Режиссері – Е.Жаңатілек. Аударған – Қ.Ежембек.