Кәсіпқой бокс • 24 Қыркүйек, 2024

Азия чемпионы атанды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Sadu Arena» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті. Отандық «Irfin Promotions» компаниясы ұйымдастырған турнирге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Танзания, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Үндістаннан келген былғары қолғап шеберлері қатысты.

Азия чемпионы атанды

Аталған жарысты та­машалауға кәсіби спорт шеберлерінің бір шоғыры келген екен. Со­лардың арасынан КСРО дәуірінде атой салып, Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген Серік Қонақбаев пен Виктор Демьяненко, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Кәрімжан Әбдірахманов, Олим­пиада чемпиондары Васи­лий Жиров пен Ермахан Ыбы­ра­й­ы­­мов, кәсіпқой бокстың көк­жалы Марат Мәзімбаев, әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, тағы басқа саңлақтарды кө­зіміз шалды.

Бокс кешінің басты жекпе-жегі жерлесіміз Руслан Мәдиев пен ресейлік Тигран Согоян арасында өтті. Кезінде Руслан Геннадий Голов­киннің командасында болып, әйгілі «Golden Boy» компаниясы ұйым­дас­тыр­ған жарыстарда күш сынасты. Қарағанды бокс мек­те­бінің түлегі 17 бәсекенің 15-інде басымдық танытып, ал­ты кездесуін мерзімінен бұ­рын аяқтады. Қарсыласы – Ресей чемпионы. 10 раундқа созылған айқаста Мәдиевтің мерейі үстем болды. Осы же­ңісінің арқасында Руслан WBA нұсқасы бойынша Азия чем­пио­ны атанды.

Алматыдағы жарыста Рус­лан Мәдиевтен бөлек, басқа да жер­лестеріміз жеңіске жетті. Солар­дың арасынан ағайынды Санат­әлі мен Саматәлі Төл­таевтар, Ел­­шат Нығметолла, Нұр­дос Тө­ле­­бай, Әділет Құр­метов, Әлі­шер Абду­ләлім және Ар­мат Ар­манұлының асқан шебер­лігіне тәнті болдық.