Жансарай • 28 Қыркүйек, 2024
Ұлт басылымы – ұлттың жоқшысы. Тілінің тірегі, қашты-қудыға бой алдырмайтын сабырлы ынтымаққа бастайтын білегі десек болады. Бізге қазір кешпес парыз – бардың бағасын біліп, жоқты түгендеу болып тұр. Бұл жерде қиқымды қолтығына қыстырмайтын ірілік, «Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?» (Ә. Бөкейхан) дейтін адалдық алда тұрса, «атадан балаға мұра болып бай тіл, байтақ жер қалды. Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы. Қуғыншы қандай болса, мал табылмақшы» деп ұлттың шырылдаған шын ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқан, тіл тірлігі малтықпай, мұра ұлттық мұнараға айналып, ұрпақ түрлі сылтаудың торына түспей, ала-құла күн кешпесі айдан анық.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2024
Көгілдір отынға қосылған үй көбейеді
Әрі арзан әрі тиімді саналатын газды пайдалану мүмкіндігіне Ұлытау өңірі кейінгі кездері ғана қол жеткізе бастады. Қазір облысты газдандырудың 2030 жылға дейінгі өңірлік сызба-нұсқасы дайындалды. Бұл жобаның берері қандай?
Бокс • 28 Қыркүйек, 2024
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (World Boxing) Олимпиадалық комиссиясына да төрағалық ететін болды. Мұны ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім етті.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2024
Шавқат чемпиондық тәжге таласуға лайық
Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді промоушен UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмоновпен күш сынасуға ниетті екенін білдірді. Егер қос тарап ортақ мәмілеге келсе, онда қандасымызға төрткүл дүниенің теңдессізі атануына тамаша мүмкіндік туындайды.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2024
Бүгінде әлемге әйгілі Лионель Месси, Криштиану Роналду, Килиан Мбаппе сынды теңбіл доп шеберлерімен қатар, өзіміздің Бақтиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен, Асхат Тағыбергендей ұлттық құраманың кіл мықтыларын мақтаныш санайтын, үлгі тұтатын жасөспірімдер көп. Әсіресе ауыл-аймақтағы балалардың бұл орайдағы арманы асқақ. Осыны қаперге алған «АуылФутбол» жобасы жүздеген баланың жасыл алаңда теңбіл доп теуіп, шыңдалуына бірден-бір бастамашы болып келеді.