Футбол • 25 Қыркүйек, 2022
Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіліспен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2022
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының сегіз айдағы жетістіктері қорытыланды. Жиналыста облыс әкімі Құмар Ақсақалов сөйлеп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс жұмыстары – 3,2%-ға, тұрғын үй құрылысы – 3,0%-ға, инвестициялар көлемі – 2,3%-ға, өнеркәсіп өндірісі – 1,6%-ға артып, бөлшек сауда 100%-ға орындалғанын жеткізді. Бұл өңірдің біршама жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2022
Батыс Қазақстан: көші-қон ахуалы
Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланған күннен бастап көршілес Қазақстанға келушілердің саны артқаны туралы ақпарат таралғаны белгілі.
Білім • 25 Қыркүйек, 2022
Оқу-ағарту саласындағы оңтайлы шешімдер
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елімізде кемінде 800 мың оқушы орны ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2022
Тұмса табиғатқа тұрақты бақылау қажет
Қас қылғандай биыл құлпырған даламыздың құтын қашырған өрт оқиғалары жиіліп кетті. Айран-асыр еткен апаттың бұлай берекемізді алуы айналамызды қымтап, қауіпсіздікті құнттай түсудің аса қажеттігін ұқтырып тұр. Мұндайда Көкшедегі көздің жауын алатын көркем табиғатты көзінің қарашығындай қорғап, кірпік қақпай күзетіп тұрған Smart-Burabay жүйесінің мүмкіндігі жақсы үлгі бола алады. Бұл мүлгімейтін мүйіс қазақтың бағына бұйырған мүлкі – жасыл желекті қорғауға мемлекеттің қаншалықты мүдделі екенін айқындап тұр.