Руханият • 21 Қыркүйек, 2019
Музейді түнде тамашалау да бір ғанибет
Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында биылғы жылдың тамыз айынан басталған «Музейлер» шеруі республика бойынша қанат жайып келеді. Бұл бастама Алматы қаласындағы республикалық және қалалық маңызы бар музейлерде де жалғасын тапқан болатын. «Музей түні» шеруі – Халықаралық музей күні көпшіліктің, әсіресе жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген мәдени мекемелердің қатысуымен жыл сайын өткізілетін акция ретінде бастау алса, алдағы уақытта іргелі музейлердің бәрі де жиірек қолға алуды жоспарлап отыр. «Музей түні» басталғалы бері Алматының мәдени өміріндегі маңызды шаралардың біріне айналды.
Руханият • 21 Қыркүйек, 2019
Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында көрнекті жазушы, танымал саясаткер, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Қазақ қоғамында «Әбіш әлемі» деген тұтастай тұжырым қалыптастырған Әбіш Кекілбайұлының есімін қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған кешті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ашты.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2019
Бұл жолғы қымбатшылық жол жүру картасын жоғалтып, оны қайта бастыруға өтініш бергенстуденттер мен зейнеткерлерге қатысты болмақ. Оның жаңа бағасы алдыңғы бағадан үш есе жоғарыға – 1500 теңгеге тоқтады.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2019
Оралда 4 велосипед ұрлаған ұры ұсталды
Орал қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері велосипед ұрлығы бойынша 4 эпизодқа қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Батыс Қазақстан Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 21 Қыркүйек, 2019
Жеңіс Қасымбек – Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы
Кеншілер астанасында өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып бірауыздан сайланды.