Күдікті азамат қаладағы үйлердің кіреберісінде уақытша қойылған велосипедтерді ұрлаумен айналысқан. Қазірдің өзінде ұрының «Стелс», «Проникс», «Драйв», «Форвард» маркілі жасөспірімдер велосипедін ұрлап кеткені бейнебақылау жазбалары арқылы анықталып отыр. 33 жастағы С. есімді азамат бұрын да осыған ұқсасқылмысымен сотты болған екен.
- Ұрланған велосипедтер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі Асылай Ғұбашева.
Криминалдық полиция басқармасы велосипед ұрлығынанегізінен иелерінің бейқамдығы себеп болатынын айтады. «Пәтер алдында немесе баспалдақ алаңында велосипедқоймаңыз. Тіпті велосеруен кезінде де мүлкіңізді аз уақытқа да қараусыз қалдырмаған жөн» деп ескертеді полиция.
Батыс Қазақстан