Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында көрнекті жазушы, танымал саясаткер, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Қазақ қоғамында «Әбіш әлемі» деген тұтастай тұжырым қалыптастырған Әбіш Кекілбайұлының есімін қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған кешті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ашты.

Әдебиеттегі алғашқы жолы басталған, кемеліне келіп қалыптасу кезеңінің куәсі болған Алматы қаласындағы кеш талай жақсы-жайсаңның басын қосып, ерекше тағылымды болып өтті. Өзі ерекше жақсы көріп, сүйіп өткен туған жері Маңғыстауының ыстық сәлемін жеткізген ел азаматтары ардақты ұлына аяулы мекен болған Алматыға ризашылығын білдіріп, әлем әдебиетіне олжа салған ұлы суреткер перзенті туралы толғанды. Ұлы тұлғаға лайықты құрмет көрсету мақсаты көзделген мерейтой аясында құтты мекен Маңғыстауда да әдебиет және өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі, «Әбіш әлемі» атты театр фестивалі, мәдени байқаулар мен спорттық жарыстар, ескерткіш орнату секілді мол шаралар жиынтығы жоспарланып отырғанынан көпшілікті хабардар етті.
Ұлт руханиятында, әдебиеттің жылнамасында өшпестей ізін қалдырып кеткен жампоз жазушы жөніндегі қатарлас қаламдастардың естелігінің жөні бөлек. Жазушының сонау студенттік жылдардан жақын жолдасы болған белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлек Әбдіктің сағынышқа, сырға, сыйластыққа толы естелігін жиынға келген жұрт толқып отырып тыңдады. Бейнесі алыстаған сайын, асқар таулар секілді шоқтанып, бірте-бірте биіктеп бара жатқан Әбіш досынсыз өткен төрт жылдың терең салмағын сезіндірді. «Атақ-даңқтың түр-түрі болады. Бірі – адамның өзінің көзі тірісінде, екіншісі – өзі мәңгілік мекеніне аттанғаннан кейін. Дүниені дүркіреткен талайлар көзі жұмылғаннан кейін өзі де, сөзі де көмескі тартып, келер ұрпаққа болған-болмағаны белгісіз болып қалады. Себебі даңқ бар да, дақпырт бар. Астыңда тағың, басыңда бағың болса, сені жағалайтын адамдар табылады. Бұл – ерте ме, кеш пе, күні бітетін дақпырт. Шын даңқ, ол – мәңгілік. Әбіш сондай мәңгілік даңқтың иесі», деді Төлен Әбдік. Әлемдік әдебиеттегі үлкен күрделі мәселелерді кейіпкердің ішкі жан дүниесіне, ішкі тағдырына сыйғызып құру шеберлігі ұлттық әдебиетте Ә.Кекілбайұлының шығармаларынан кең көрініс тапқанын жазушы жан-жақты әңгімеледі. Қазақ әдебиетіне «ой толқынына» негізделген жаңаша жазу үлгісін әкелген, бір өзі әдебиеттің бүкіл жанрында қалам тартқан Әбіш Кекілбайұлы әлі талай ұрпақ зерттейтін, шығармаларының тың, тосын иірімдері ашыла түсетін кең ауқымдағы жазушы. «Оның бұл шығармашылық қыры, қоғам, мемлекет ісін басқарудағы мінезінің кеңдігі, адамға деген жақсы көру сезімі, ықыласы – осының бәрін бір адамның бойына құдай тағала қалай сыйдырған – таңғаламын. Әбіш қазақпен мәңгі!» деп толғанды үзеңгілес қаламдасы.
Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі алаштың айбоз абызы, кемеңгер Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына арнайы баяндама жасады. Ел газетін өзі басқарып отырған тұста, «Егемен Қазақстан» деп атын қойған Әбіш Кекілбайұлы болғанын, ендеше Әбіш ағамыздың тойы – «Егеменнің» де тойы екенін орынды атап өтті.
Абыздың алқалы жиынына келгендер кеш бойы сахна төрінен үзіліссіз көрсетіліп тұрған деректі фильмнің кадр үзінділерінін тамашалап, оның адами болмысын, қайраткерлік болмысын тани түсті. Б.Байқадамов атындағы Хор капелласының сүйемелдеуімен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының әртісі, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың «Абылай хан» спектаклінен оқыған монологы кеш ажарын аша түсті. Отыз жыл бұрын сахналанса да, бүгінгі күнмен өте үйлесімді өрілген Ә.Кекілбайұлының тарихи драмасы өзектілігін жоймағанын көрерменнің тебіреніп тыңдап, ықыласты қабылдағанынан аңғарылды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері әнші Лена Әбдіхалықова, Тамара Асар, Маңғыстау филармониясының әншісі Жоламан Көшкінов, күйші Айгүл Үлкенбаева, «МузАрт» тобы секілді белгілі өнер шеберлері ән-күйден шашу шашып, парасатты тұлға туралы кештің салтанатын асыра түсті.
АЛМАТЫ
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Ұқсас жаңалықтар