Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
2019 жылдың 8 айында Қазақстанда 65 мың пәтер салынды
Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2019
Орталық Азия мен Қытай стратегиялық келешегі Алматыда талқыланды
Алматыда осы тақырыпта өтіп жатқан бас қосуда Тұңғыш Президент-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың геоэкономикалық өлшемі туралы пікірін ортаға салды.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
20 қыркүйек гинекологиялық рактан хабардарлықтың халықаралық күні болып жарияланды
Өкінішке орай, бүгінгі таңда қай елде болса да әйелдер арасында гинекологиялық қатерлі ісік түрлері көбейіп тұр. Жыл сайын Қазақстанда 1800-ге жуық адам жатыр мойны обырына шалдығады. Бұл кеселден жылына 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ал Еуропалық Одақта сағат сайын 2 әйел ЖМҚІ салдарынан өмірден озады. Жатыр мойны обыры – онкологиялық аурулардың ішінде 2 орынға шықты.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Әбіш Кекілбайұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Алматыда қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы есімін ұлықтауда зиялы қауым мен алматылықтар тағы бір тарихи сәттің куәсі болды. Шаһардың орталық көшелерінің біріне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілсе, шара аяқтала сала, заңғар жазушының қырық жыл өмірі өткен, табанының ізі қалған қарашаңырағы орналасқан Н.Назарбаев, 118 көшесіне қарай шұбырды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және Алматы қаласы мәслихатының шешімімен көрнекті қаламгерді мәңгі есте қалдыру мақсатында ол тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды. Рәсімге келген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров әдебиет пен елге қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп кеткен қайраткердің жан-жақты еңбегін еске алып, баға берді.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019
Жамбыл облысында бір күнде бес фронт-кеңсе ашылды
Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мақсаттарды іске асыру аясында Жамбыл облысында бірден бес фронт-кеңсе ашылды. Кеңселердің ашылу салтанатына әкімдік өкілдері, полиция басшылығы мен қызметкерлері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.