Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Орталық Азия мен Қытай стратегиялық келешегі Алматыда талқыланды

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда осы тақырыпта өтіп жатқан  бас қосуда  Тұңғыш Президент-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры  Ержан Салтыбаев Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың геоэкономикалық өлшемі туралы пікірін ортаға салды.

Орталық Азия мен Қытай стратегиялық келешегі Алматыда талқыланды

Қазіргі таңда ҚХР-ының экономикалық әлеуеті Орталық Азия дамуының маңызды факторына айналды. Қытай аймақ елдерінің ірі сауда серіктесі ретінде орнықты және Орталық Азия экономикасының маңызды салаларына құйылған Қытай инвестициясының көлемі жыл сайын артып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов «Қазақстан мен Қытайдың BRI жобасын іске асыру кезіндегі сауда және инвестициялық салаларындағы ынтымақтастығы» туралы айтып өтті. Қытаймен экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтай отырып, Орталық Азия елдерінің инвестициялық тәуекелдерін қалай төмендетуге болады? Аймақ елдері үшін қытай инвестицияларына ұзақмерзімді қарыз тәуелділігі мәселесі қаншалықты өзекті? Қытаймен экономикалық қатынас құруда Орталық Азия елдерінің көзқарастары мен қадамдарын біріктірудің болашағы қандай? Мұндай стратегияның артық-кемшін тұстары қайсы?

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл тақырыптар жеке-дара талқыланатын мәселелер.  

Себебі сауда-экономикалық қатым-қатынастың қарқынды дамуымен қатар бірқатар екіұдай тенденциялар байқалады. Атап айтсақ, экономикалық қатынас құрылымында теңгерімсіздік айқын сезіледі. Әсіресе, ҚХР-ының қаржы институттары алдындағы қарыз көлемінің өсуі үлкен алаңдаушылық туғызады.

Орталық Азия елдерінің қоғамы бұл үдерістерді екіұдай қабылдауда. Орталық Азия елдерінен ат арылтып келген сарапшылар дөңгелек үстел барысында аспан асты елімен кеңея түскен ынтымақтастыққа байланысты тууы мүмкін сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер туралы өз пікірлерін ортаға салды.