Спорт • Бүгін, 17:33

Килиан Мбаппе «Реал» клубымен келісімшартқа қол қойды

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция құрамасының шабуылшысы мадридтік клубпен 2029 жылдың жазына дейін келісімге қол қойды. Жақында Сантьяго Бернабеуде футболшының ресми таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Килиан Мбаппе «Реал» клубымен келісімшартқа қол қойды

Фото: ФК "Реал Мадрид"

Келісімшартқа қол қою рәсімі бүгін «Сантьяго Бернабеу» стадионының баспасөз орталығында өткен. Клуб президенті Флорентин Перес 25 жастағы шабуылшыға 9-нөмірлі жейде сыйлаған. 

Жергілікті уақыт бойынша түсте Мбаппе Реал Мадридтің үй стадионы Сантьяго Бернабеуде Реал Мадрид ойыншысы ретінде таныстырылған.

Француздық шабуылшы «Пари Сен-Жерменмен» келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде мадридтік командаға қосылған. «Реал» маусымның басында оның ауысуы туралы жариялаған еді. Париж клубында ойнаған 7 жыл ішінде ол 308 матч өткізіп, 256 гол соғып, 108 нәтижелі пас берген.

Килиан Мбаппе 2017 жылдан бері ПСЖ сапында ойнады.  

Айта кетерлігі, 25 жастағы Мбаппе осы маусымда 48 матчта 44 гол соққан. 

Еске сала кетейік, «Реал Мадрид» өткен маусымда Чемпиондар лигасын, чемпиондық және Испания суперкубогін жеңіп алған болатын.