Білім • 16 Шілде, 2024

«Серпін» бағдарламасының талабы жеңілдейді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысынан кейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еңбек нарығының өзгеруіне байланысты «Серпін» бағдарламасының талабы жеңілдейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Серпін» бағдарламасының талабы жеңілдейді

Фото: eurasia.expert

Биылдан бастап «Серпін» бағдарламасы арқылы білім алу 5 облыстың түлектері үшін ғана қолжетімді. 

«Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен түлектер, грант берілген өңірде жұмыс істеуі тиіс еді. Біз бұл талапты өзгертіп, яғни жеңілдетпекпіз. Енді түлектер «Серпін» бағдарламасы іске қосылған кез келген өңірде жұмыс істей алады. Неге? Себебі еңбек нарығы өзгеріп жатыр. Бізде еңбек нарығы қажеттіліктерін анықтайтын механизмдер нақты емес, проблемалар бар», деді Саясат Нұрбек. 

Айта кетейік, осы жылы «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлінді.