Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019
Ресей туристік ақпараттық ұйымдарының съезіне оралдықтар қатысуда
Ресей Федерациясының Воронеж қаласында туристік ақпараттық ұйымдардың Бүкілресейлік ІІ съезі өтуде. «Мұндай басқосулардың жергілікті туризмді дамытуға тигізетін көмегі өте зор» дейді жиынға Қазақстаннан барып қатысқан оралдық «TourWestKaz» мекемесінің жетекшісі, белгілі өлкетанушы Айболат Құрымбаев.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2019
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлына Алматыдан көше берілді
Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеруі Алматыдан бастау алды. Қаланың тау беткейі тұсындағы Каблукова көшесі енді Әбіш Кекілбайұлының есімімен аталатын болады. Қарасөздің хас шеберін мәңгілік есте қалдыру шарасына жиналған зиялылар мен туған жерінен, алыс-жақын аймақтардан келген қауымның қарасы қалың болды. Олардың бәрі де шаһардағы ұзын әрі көрікті көшенің лайықты иесін тапқанына қуаныш білдірді. Көшенің ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан жазушының есімін ұлықтаудың маңызын атап өтті.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
БҚО-да 1094 отбасы АӘК алу үшін табысын жасыруға тырысқан
Батыс Қазақстан облысында (бұдан әрі – БҚО) 2516 отбасының атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алуының заңдылығы тексерілді, оның ішінде 586 отбасына төлем уақытша тоқтатылған болса, тағы 508 отбасына төлем мүлдем төленбейтін болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Семейде Әмина Өмірзақова атындағы республикалық театр фестивалі басталды
Семейде әйгілі актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі басталды.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өседі
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Ведомства басшысы мегаполистегі сала қызметкерлерімен өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы жайлы, онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.