Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
А. Көлгінов: Елорда тұрғындарының 60% шағын және орта бизнес аясында жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан бизнеспен айналысатын азаматтарға қолайлы қала болады. Бұл туралы кәсіпкерлердің жыл сайынғы VI конференциясында «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Т. Құлыбаев мәлімдеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Елшісі Түрікменстан Президентіне Сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі Еркебұлан Сәпиевті сенім грамоталарын табыстау үшін Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019
Лисаков қаласына келгендер алдымен орталықтағы «Бәйтеректі» қызықтайды. Нұр-Сұлтан қаласындағы еліміз астанасының символындай әйгілі монументтің көшірмесі елорданың 20 жылдығы құрметіне орнатылған болатын.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2019
Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Минскіде халықаралық конференцияда сөз сөйледі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Минскіде «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бес жыл: Соттың рөлі» халықаралық конференциясына қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2019
Алты боксшымыз жартылай финалда айқасады
Екатеринбургтегі әуесқой бокстың әлемдік додасына Қазақ елінің былғары қолғап шеберлері толық құрамда барды. Биылғы біріншілікке біздің командада бұдан бұрын әлем чемпионатының дәмін татып, тәжірибе жинаған бес боксшы барды. Олар – 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев, күміс жүлдегер Қамшыбек Қоңқабаев, қола жүлдегерлер Василий Левит пен Абылайхан Жүсіпов және әлем біріншілігінің қатысушысы Зәкір Сафиуллин. Ал қалған үш боксшы мұндай деңгейдегі додаға бұрын-соңды түсіп көрмеген...