Әлем • 26 Қыркүйек, 2021
Түркия жағалауында 250-ден астам мигрант ұсталды
Түркияның Мугла провинциясындағы Фетхийе ауданының жағалауында 254 заңсыз мигрант ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2021
Баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
Мерейтойлық турнирге «Тобыл», «Ақтөбе», «Атырау», «Астана» және «Каспий» командалары жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қыркүйек, 2021
Соңғы жылдары тренд деген айдар тағылған дүние көп. Оның біріне әлеуметтік желі мен технология тікелей әсер етсе, енді бірін экономика мен туризм ынталандырып келеді. Қазақстанның да жаһандық жаппай марафон жарысына қосылғанына бірнеше жыл болып қалды. Жалпы, көпшілікпен бірге белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтудің бір қарағанда кімге, қандай пайда әкелетіні түсініксіз.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021
Тағдыры темірдей шыңдаған қайраткер
Нығметжан Есенғарин есімі тек республикаға ғана емес, одан тысқары жерлерде де жақсы таныс. Өзінің еңбек жолын қарапайым байланыс монтері ретінде бастаған ол тынбай ізденуінің арқасында КСРО Жол қатынастары министрінің орынбасары, одан кейін тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Көлік министрі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары деңгейіне дейін көтерілді.
Бизнес • 26 Қыркүйек, 2021
Шектеуде ширыққан шағын бизнес
Пандемия басталғалы шағын бизнестің де тынысы тарылып, бұған дейін өркендеп тұрған талай шағын кәсіпорындардың өндірісі тұралап, табысы ортайып қалғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бұл жағдайға ерекше тоқталып, күрделі кезеңнің қиындығын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге түрлі жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер берілгенін, бұл мақсаттағы мемлекеттік қолдау әлі де жалғасатынын айтты. Індетке қарсы карантин шаралары бірде қатайып, бірде жібіңкіреп тұрған елең-алаң кезеңге қарамастан, ел ішінде білек түріп бизнес ашып, шағын да болса кәсібін дөңгелетіп әкеткен азаматтар жүр. Шектеуде ширыққан талапты жандардың істеп жатқан тіршілігі көңілге мұз көбесін жарып шыққан жауқазындай жылу ұялатады.