Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудан кейін ресми қызметіне кіріскеніне жүз күн толды. Әрине жүз күн тарих үшін қас-қағым ғана сәт. Бірақ адам баласы жүз күнде көктемде еккен егінінің піскенін, төлдерінің марқаға айналғанын көреді. Демек әр сәтті бағалай білген адам үшін жүз күн немесе бір тоқсан да аз уақыт емес. Сол себепті Президенттің 100 күнін шолып шықпаққа бекіндік. Алайда әңгімені тек әлеуметтік мәселелер тұрғысынан өрбітпек ниеттеміз. Өйткені қазақстандықтар үшін бүгінгінің ең өзекті мәселелері әлеуметтік салада жатыр. Азық-түлік бағасы да, жалақы да, білім беру мен денсаулық сақтау да қысқасы бұқараның күнкөрісіне тікелей қатысы бар дүниелердің барлығы осы «әлеуметтік сала» дейтін кең ауқымды ұғымға сыйып кетеді.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
Оқу – мәдениеттің төресі. Осы уақытта оқығанның беті жарық, оқымағанның беті көн шарық. Оқысаңыз білгір боласыз, оқымасаңыз ділгір боласыз. Бүгінде оқу мәдениетінен айырылып қалдық. Қоғамда қарапайым сауаттылықтың қарабайыр мәселеге айналуы осы ойға қазық байлауымызға мәжбүр қылып, беймаза күйде жүретінбіз. Ойдан ой боталайтын осы бір келеңсіз ахуалдан жол табудың нәзира үлгісін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетіп отыр.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің зиярат туризімін дамыту бөлімінің бас маманы Сайдкомил Халходжаев кеше Алматыға келген сапарында көне Түркістан Түркі мемлекеттері арасындағы сопылық ілімінің негізі қаланған орталық деуге болатынын айтты. Оның түсіндіруінше, Ахмет Яссауи кесенесі мен оның тарихын, ұлы ойшылдың ілімін үйрену мен ислам мұралары түркі халқы үшін ғана емес әлем жұртшылығы үшін де қызықты.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2019
Сыртқы саясаттағы серпінді сабақтастық
Еңбек жолын сыртқы саясаттан бастаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болып сайланғаннан кейін саладағы сабақтастықты тың серпінмен жалғастырып, сарабдал саясаткер екенін танытты.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Қазақ әдебиеті мен мәдениетін кіреуке қардың астынан гүл атқан жауқазындай дүркірете жасартып, жаңғыртып жіберген алпысыншы жылдардағы жаңа толқынның бетбұрысты тағдыры мен талайы ұлтымыздың даму тарихында бүгіндері айтулы бір белес болып қалды.