Өнер • 20 Қыркүйек, 2018
Оралда бұқаралық домбыра тартудан рекорд жасалды
Әйгілі күйші-композитор Құрманғазы Сағыбайұлының ЮНЕСКО деңгейінде аталып жатқан мерейтойы аясында «Нағыз қазақ – домбыра!» атты республикалық акцияға 1700 домбырашы қатысты. Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында өткен шараға қатысушылар Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін орындады.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2018
Ұлттық ұлан командирлері біліктілігін шыңдады
Таяуда Алматы облысының Жетіген елді мекенінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында Ұлттық ұландағы барлық әскери бөлім командирлерінің оқу-әдістемелік жиыны өтті.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2018
Қызылордада «Үздік анықтаушы» анықталды
Жуырда Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Анықтау бөлімінің анықтаушылары арасында «Үздік анықтаушы», «Алғыр анықтаушы» «Үздік айыптаушы», «Үздік талдаушы» аталымдары бойынша байқау өткізілді.
Күрес • 20 Қыркүйек, 2018
Балуандар Бухаресте бақ сынайды
Биылғы жылы самбошылардың әлем чемпионаты 8-12 қараша аралығында Бухаресте өтеді. Айтулы жарыста 80-ге жуық мемлекеттен келген балуандар белдесіп, 27 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Бұл жолы ерлер және әйелдер арасындағы белдесулермен қатар, әдеттегідей, жауынгерлік самбодан да сайыстар ұйымдастырылады. Дүбірлі додада күш сынасуға бел буғандар қатарында Қазақстанның да өрендері бар.
Жеңіл атлетика • 20 Қыркүйек, 2018
Кенияда жаттығып жүрген қазақ қызы
Былтыр Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубы құрылған болатын. Клуб құрамына Лондон Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы Ольга Рыпакова, биылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Надежда Дубовицкаямен қатар, Нора Джеруто, Дэйзи Джипкемей, Каролин Кипкируй секілді кениялық желаяқтар да алынған еді. Жақында Өскеменде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы клубтың бір жылдық жұмысын қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді. Осы жиында клубқа жаңа мүшелер қабылданғаны жайында айтылып, клуб директоры Асхат Сейсембеков марафоншы қазақ қызы Гүлжанат Жанатбекті таныстырған-ды. Баспасөз мәслихатынан кейін шетелде жаттығуға мүмкіндік алған жеңіл атлетті әңгімеге тарттық.