Шаруашылық • 21 Қыркүйек, 2024
Қостанай өңірінің диқандары күн райының қолайлы жылдары осы мезгілде астығының жартысынан көбін жинап алатын. Өкінішке қарай, биыл күздің басы тағы да жауын-шашынды болып, алқапқа техника шығару қиынға соқты. Абырой болғанда, кейінгі апта ауа райы оң қабақ танытып тұр. Әйтсе де синоптик мамандар алдағы жексенбі жаңбыр жауады деген болжам айтып отыр.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2024
Назарбаев университетінде Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «ARC-2024» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Жиында ХХІ ғасырдағы университеттердің көшбасшылығы және ғылымды қолдау тақырыбы талқыланды.
Ғылым • 21 Қыркүйек, 2024
Алматы энергетика және байланыс университеті Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясымен бірлесіп, «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңында «Қазақстан және бейбіт атом: жаңа мүмкіндіктер мен даму басымдықтары» атты тақырыпта жиын өткізді. Онда жетекші ғалымдар мен сарапшылар энергетикадағы инновациялар, атом технологиялары, қауіпсіздігі, әлемдегі атом энергетикасының дамуын талқылады.
Еңбек • 21 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауында: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», деп атап көрсетті. Экономиканың күретамыры сынды теміржол саласында бірнеше буын ұрпақ өкілдері үзбей еңбек етіп келе жатқан петропавлдық Ержановтар әулеті де сондай еңбек династиясы санатынан.
Руханият • 21 Қыркүйек, 2024
Темірбектану туралы тұғырлы еңбек
«Комиссар Жүргенов» романын жазуға апаратын жолға жазушы, зерттеуші Бейбіт Қойшыбаев кеңес одағындағы билеуші партияның қайта құру саясаты Қазақстанда шындап өрістей бастаған жылдары түскен еді. Бастапқы кезеңдегі жариялы уәде біржақты боп шығып, ұлт мәселесі бағзы бұрмалаулы стандарт ауқымында елеусіз қалдырылғандықтан да бұрқ еткен әйгілі саяси көтеріліс соңы «кіші 37-ге» ұласқанымен, артынша тегеуріндеп ескен демократия желінің «алтын күрегі» арқылы қасаң жүйені тұқыртып, біршама босаңсытқан-тын. Б.Қойшыбаевтың өзі де белгілі дәрежеде идеологиялық теперіш көргені де рас.