Аңдатпа • 21 Қыркүйек, 2024
26 қыркүйек - Драма Музыкалық жас көрермен театрында М.Омарованың «Chanel №5» деректі драмасы сахналанады. Режиссері – А.Маемиров.
Таным • 21 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Түрлі-түсті ауыл
Тайванда Тайчунь деген ауыл бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын сол ауылды билігі бұзбақ болады. Бұл жаңалыққа күллі ғұмырын сонда өткізген Хуан Юн-Фу наразылығын өзгеше тәсілмен жеткізген.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024
Тентектіктің теориясы жоқ. Жүре келе жұғатын емес, туа сала тұнатын бұл мінезді ақын қауымының арқалап жүретіні бар. Буырқанып, бұрсанған бойындағы бұла күш ақылдың арнасына түссе, қаламынан күркіреген жыр туады. Алайда ақын өлеңді ешкімге де соқтықпай, момын қалпында жазса да болады емес пе? Орыс ақыны Сергей Есенин бұған былай деп жауап береді: «Жасырмаймын, тентек болған шығармын, жарқынырақ жану үшін мен, бәлкім». Қазақтың да Есенин секілді ақ сары жүзді ақыны бар. Ол өзінің асаулығын былай деп түсіндіреді: «Пәтуалы ақсақалы аз елде, мен еріксіз «Сары тентек» атандым». Біздің бүгінгі әңгімеміз қазақтың «сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтов хақында болмақ.
Тұлға • 20 Қыркүйек, 2024
Біздің кейіпкеріміз аласапыран ғасырдың қойнауында өмірге келді. Сондықтан да болар, ақын мінезі кемерінен асқан бұрқасынға, кейде тыныш түнгі теңізге ұқсайды. Еркіндікке ұмтылған, қамаулар қапталынан иен далаға көз қадаған бұғы секілді елестейтіні де бар.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024
Өткен ғасырдың 70-жылдары жазушы Тұрсын Жұртбай «Замандасым, сырласым», «Қоңыр қаз», «Жүрегімде жұмыр жер» атты оқшау дүниелерін оқырманның таным таразысына тартып, әдеби әлемге аяқ басты. Ең алғаш қаламынан туған дүниелерінен-ақ айқын қолтаңбасы, бөлек соқпағы танылды. Жазушы өзін көркем дүниемен ерте «қоштастым» деп өкініш білдіретіні рас. Алайда оның осынау шығармалары көлемімен де, көркемдігімен де көсіліп жазғандардан көш ілгері екенін ойлы оқырманның бағамдары күмәнсіз.