Таным • 21 Қыркүйек, 2024

Ғалам ғажаптары: Түрлі-түсті ауыл

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тайванда Тайчунь деген ауыл бар. Осыдан бірнеше жыл бұ­рын сол ауылды билігі бұзбақ болады. Бұл жаңалыққа күллі ғұмырын сонда өткізген Хуан Юн-Фу наразылығын өзгеше тәсілмен жеткізген.

Ғалам ғажаптары: Түрлі-түсті ауыл

86 жастағы ауыл тұрғыны Хуан соғыс кезінен қалған бояулармен өз үйінің қабырғасын әсемдей бастайды. Бұл идея жергілікті жастарға ұнап, ауылдағы барлық үйдің қабырғасын бояп, сурет салып шығады. Мұны көрген халық ауылды құтқарудың жалғыз әдісі – оны туристік мекенге айналдыру екенін түсінеді. Бәрі жұмылып ескі ауылды түрлі түсті бояумен әсемдейді. Қазір Тайчунь ауылы төрткүл дүниеден туристер арнайы іздеп баратын аумаққа айналған.

 

Илонның кезекті игілігі

ап

Илон Маск тағы да чип шығарды. Бұл жолғы «Blindsight» чипі көру қабілетін қайтарады.

Құрылғы екі көзі мен көру жүйкесін жоғалтқандарға көру мүмкіндігін сыйлайды. Егер көру қыртысы бүтін болса, туғаннан көрмейтіндер де дүниенің жарығын тамашалай алады. «Бастапқыда көру «Atari» графикасы сияқты төмен ажыратымдылықта болады. Бірақ уақыт өте еш кедергісіз көреді. Инфрақызыл, ультракүлгін, тіпті радиолокациялық диапазондарға жетеді», дейді Илон.

 

Алтын қанды адам

ыв

Джеймс Харрисонды бәрі «алтын қанды адам» деп атап кеткен. Себебі 70 жыл бұрын ол миллиондаған адам өмірін құтқаратын ерекше шешім шығарған.

Оның қанында D резус-факто­рының антигеніне қарсы антиденелер бар болған. Қан плазмасының негізінде қан сарысуы жасалып, өзге емделушілерге қолданыла бастады. Харрисон 57 жыл бойы 3 аптада бір рет қан тапсырып тұрған. 2011 жылы ол 1000 рет қан тапсырып, Гиннестің рекортар кітабына енді. 2015 жылға дейін Аустралияның бүкіл антирезустік дәрі-дәрмектері Джеймстің қан плазмасымен жасалып келді. Джейс Харрисон арқасында 2,4 миллионнан астам нәресте аман қалды, олардың ішінде Джеймстің өз қызы да бар.