Айбын • 10 Сәуір, 2025

Әскери шеру барлық телеарна мен LED экрандардан тікелей көрсетіледі

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің 80 жылдығына арналған елордада өтетін әскери шеру барлық республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери шеру барлық телеарна мен LED экрандардан тікелей көрсетіледі

Фото: akorda.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, әскери шеруден бір күн бұрын (6 мамыр) Жеңіс мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концерт өтеді.

«7 мамырда Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алаңында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Ұлттық гвардия, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелерінің қатысуымен әскери парад ұйымдастырылады. Мерекелік шараларды кеңінен насихаттау мақсатында парадтың тікелей эфирі республиканың барлық орталық телеарналарында көрсетіледі», деді Аида Балаева елордада өткен ардагерлер кеңесінің пленумында.

Сондай-ақ барлық өңір мен Астана қаласының орталық алаңдарында арнайы LED экрандар орнатылып, қазақстандықтар әскери шеруді нақты уақыт режимінде тамашалай алады.