Туризм • 24 Желтоқсан, 2020
«Қызылоба» – Алтын Орданың 750 жылдығына үлкен сый
Былтыр Солтүстік Қазақстанның Уәлиханов ауданындағы Береке ауылының маңындағы «Қызылоба» деген жерден Алтын Орда хандары мен ханшалары және басқа да төрелері жерленген оба табылғанын оқырмандар жақсы біледі. Еліміздің барлық ақпарат құралында бұл туралы кеңінен жазылды. Өзіміз де «Егеменнің» бетінде ол туралы 2-3 рет жаздық. Оны қазуды Павлодар мемлекеттік университетінің Margulan centre орталығынан Тимур Смағұлов пен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Анатолий Плешаков бастаған археологиялық орталықтар бастаған еді.
Туризм • 24 Желтоқсан, 2020
Бозжыра – Маңғыстаудың туристік «Меккесі»
Жуырда Egemen Qazaqstan газетінде Маңғыстаудың туристік мекендері туралы «Tour de Маңғыстау» («Egemen Qazaqstan», 3 желтоқсан) тақырыбымен көлемді материал жариялаған болатынбыз. Сол мақаланың жалғасы ретінде бүгін тұмса табиғат пен таңғажайып іздеген жанның қызығушылығын оятпай қоймайтын Бозжыра шатқалы туралы көргеніміз бен білгенімізді айтсақ дейміз. Әрі бұл жер маңғаз Маңғыстаудағы ең көрікті мекендердің бірі ғана емес, Жер шарындағы теңдесі жоқ табиғи мекен саналады.
Коронавирус • 24 Желтоқсан, 2020
«Спутник V» вакцинасы сапа бақылауынан өтеді
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС директоры Сергей Барон облыс орталығында өндірілген «Спутник V» вакцинасы сапа бақылауынан өткеннен кейін ғана өндірістік ауқымда шығарылатынын айтты.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Еңбек нарығында көптеген қызметтің цифрлануы біршама мамандық иелерінің жұмыссыз қалуына әсер етіп жатыр. Бұл үрдіс соңғы жылдары тіпті қарқынды жүре бастады. «Қазақстанның жаңа мамандықтар мен қызметтер атласы» қандай мамандықтардың сұранысқа ие болып, қандай мамандықтардың нарықтан ығысатынына қатысты болжам жасаған.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Желтоқсанның ызғарын біз де сезіндік
«Egemen Qazaqstannyń» 16 желтоқсан күнгі санында «Литермен келген...» деген тақырыппен Желтоқсан қаһармандарының сотынан түсірілген суретке қатысты мақала басылды.