Сенат • 19 Желтоқсан, 2024
Сенаторлар есірткі саудасына қарсы заңды мақұлдады
Бүгін Сенатта өткен Палата отырысында сенаторлар депутаттар бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да қарап, мақұлдады. Онда бірқатар маңызды нормалар қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2024
Астанада құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үй кешені аяқталды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті үйлер аяқталып, үлскерлерге пәтер кілті табыс етілгенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz елордарың әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенат • 19 Желтоқсан, 2024
Дипломаттардың еңбек және әлеуметтік құқықтары қорғалады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысының тиісті ұсынуына байланысты Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босату, сондай-ақ, Парламент Сенаты тағайындаған Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттігін тоқтату және қызметінен босату туралы мәселелерді қарады. Одан бөлек, сенаторлар дипломатиялық қызмет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 19 Желтоқсан, 2024
Коммуналдық тарифтің өсуі отандық бизнеске қауіп төндіреді
Сенатор Амангелді Нұғманов газ бен коммуналдық қызмет тарифінің өсіп кетуі отандық тауар өндірушілер үшін негізгі мәселенің бірі екенін айта келіп, елеулі экономикалық қауіп тудыратынын атап өтті. Ол өзінің депутаттық сауалында шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған тарифтік саясатты қайта қарау қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2024
Қонаққа келіп, қомақты қаржы жымқырған
Астана қалалық ПД Байқоңыр ауданы ПБ Криминалдық полиция қызметкерлері кінәліні анықтаған, деп жазады Egemen.kz.