Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Бауыржантанудың тұнығы мен тұңғиығы
Журфакқа дейінгі тілшілік қызметін Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінен бастаған көсемсөзші-қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі Бекет МОМЫНҚҰЛ көп жылдар бойы Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетін, «Қазақстан» РТРК Жамбыл облыстық филиалын басқарды. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесін», Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметтің «Қазақ қалай орыстанды?» атты ғылыми еңбегін орыс тіліне аударған. Бауыржан Момышұлы туралы жазылған «Ерлік жалғасады» (орыс тілінде) атты кітаптың авторы. Ол бұл күндері Тараздағы «Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығында» жемісті еңбек етіп келеді.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Қазақстан Ыстанбұл конвенциясына қосыла ма?
Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «БҰҰ – әйелдер» құрылымының қолдауымен Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы конвенциясына (Ыстанбұл конвенциясы) қосылу перспективаларын талқылау бойынша консультациялар өткізді.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Қорғаныс саласы күшейіп келеді
Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Жиында министр еліміздің Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерге білім беру және кәсіби дамыту мәселелеріне бірінші кезекте назар аударылғанын атап өтті.
Парламент • 24 Желтоқсан, 2020
Мемлекеттік сатып алудың тиімділігі артады
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, бірқатар заң жобалары мақұлданды. Атап айтқанда, депутаттар мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы аясында Рудный қаласында пайдалануға берілген оңалту орталығының ашылу рәсімінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы София Синицинаға «Елбасы медалін» тапсырды.