Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Оқушы «Елбасы медалін» алды

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы аясында Рудный қаласында пайдалануға берілген оңалту орталығының ашылу рәсімінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы София Синицинаға «Елбасы медалін» тапсырды.

Оқушы «Елбасы медалін» алды

6 жасынан шахматпен айналысатын София бірнеше жыл қатарынан облыстық және қалалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Софияның  әдебиет пен өнерге де талабы зор. Осыдан екі жыл бұрын «Алтын медаль – 2018» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанған ол биыл Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған республикалық байқауға қатысып, мәнерлеп оқудан 1-орынды жеңіп алды. София сонымен қатар математика мен орыс ті­лі пәндерінен қалалық олимпиада­лардың жеңімпазы. Бұл аз десеңіз, жас суретшілерге арналған конкурс­тардан марапаттары тағы бар.

– «Елбасы медалі» жобасы өзім сияқ­­ты талапты жастардың жан-жақ­ты дамуына мүмкіндік бе­реді. Мысалы, мен аталған жоба арқылы волонтерліктің жастарға қанат бітіретін қоғамға аса пайдалы қозғалыс екенін түсіндім. Сондай-ақ ескіден қалған тарихи жәдігерлердің біз үшін қаншалықты маңызды еке­ніне көз жеткіздім. Елбасының тікелей қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқан игі жобаның жастарға берері мол, – дейді София.

Үйлестірушілердің айтуынша, «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық дең­гейдегі жалғыз бағдарлама. 14-29 жас аралығындағы жастарға ар­налған бағдарлама спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы сияқты 7 негізгі бағыттан тұрады.

2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 аймақтық үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыған. «Елбасы медалінің» иегерлері білім грант­тарын тағайындау кезінде заңна­мада белгіленген тәртіппен артық­шылыққа ие болмақ.