Сайлау • 23 Желтоқсан, 2020
Баға бақылауда болғанын қалайды
ADAL партиясы өкілдерінің халықпен кездесулері жалғасып жатыр. Жиын барысында тұрғындар түйткілді мәселелерді талқылап, күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарымен бөліседі.
Сайлау • 23 Желтоқсан, 2020
Жастардың жай-күйіне назар аударды
Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аясында азаматтармен кездесулер өткізуді жалғастыруда.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Қазақты ерекше құрметтейтін халық немесе біздің ауылдың немістері
Кең пейілді халқымыз әуел бастан достыққа, тату көршілікке ерекше мән берген, қолындағы барын бөлісіп, ризығын асырған. Қазақтың бұл дархандығы талайлы тағдыр айдап қазақ даласын паналаған көптеген этноспен қарым-қатынасында ерекше көрініс тапқан. Бұл әсіресе еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін анық көрінді.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Келер жылдың қаңтарында Түркістан облысында «Фарабиді тұңғыш зерттеуші» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ, ал қыркүйекте «Әл-Фараби және әл-Машани» атты республикалық семинар-конференция өткізіп, ондағы баяндамалар жинақ ретінде шығарылады. Сондай-ақ «Әл-Фараби және әл-Машани» тақырыбында облыс музейлеріне Кентау, Түркістан, Шымкент қалалары мен Шардара, Жетісай аудандарында көшпелі көрмелер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Одан бөлек Ақжан әл-Машаниге қатысты мектеп оқушылары мен әлеуметтік желі қолданушыларына да үзбей, жоспарлы дәрістер оқу көзделуде.
Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020
Қолжазбалар мен сирек кітаптар – ұлтымыздың құнды мұралары
Қолжазбалар мен сирек кітаптар – қай заманда да киелі құндылық, асыл қазына. Әрбір халық мәдениетінің биіктігі мен ділінің беріктігі құнды деректердің мазмұнымен, оның көркемдік сапасымен және сауаттылығымен өлшенетіні анық. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп, бастамашы болған «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шетте жатқан біраз құндылықтарымыз елге келгенімен, әлі де зерттелмегені қаншама. Мәдени мұраның жалғасы іспеттес «Архив - 2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары еліміздің архив саласына үлкен бір серпін бере отырып, ұлтымыздың құнды мұраларын ғылыми деректер тұрғысынан баянды етуде қолжазбалар мен сирек кітаптардың маңызы ерекше екендігіне назар аудартты. Ежелден қазірге дейін сақталған жазба дүниелерімізді ұлықтау арқылы Біртұтас ұлтымыздың жарқын болашағын қалыптастыру – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірден-бір мақсаты болып отыр.