Сайлау • 23 Желтоқсан, 2020

Баға бақылауда болғанын қалайды

133 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ADAL партиясы өкілдерінің халықпен кездесулері жалғасып жатыр. Жиын барысында тұрғындар түйткілді мәселелерді талқылап, күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарымен бөліседі.

Баға бақылауда болғанын қалайды

Кеше кандидат Ләззат Шың­ғыс­баева Алматы облысы­ның халқымен кездесті. Ол Балқаш ауданына Бақанас ауылының тұрғындарымен жүздесіп, олар­дың пікірін тыңдады.

Ләззат Шыңғысбаева партия­ның басымдықтары туралы айта отырып, халықтың қажеттілігіне басым­дық берілетінін ерекше атап өтті. Ал ауыл тұр­ғын­дары  өздерін толғандырған тақы­рыптарды қозғады.

Осылайша, ауыл тұрғындары ипотека бойынша сатып алынған тұрғын үй үшін артық төлем сомасы тым көп екеніне наразылық білдірді. Олардың айтуынша, қазіргі сома тым көп. Яғни ипо­тека алғандар пәтер үшін екі есе артық төлем жасайды. Ауыл хал­қы пайыздық үстемақы негізгі қарыздан асып кететініне наразы.

Тұрғындардың пікірінше, тым ар­тық төлем тұрғын үй құры­лысының мемлекеттік бағдарламалары аясында да қарастырылған. Есімін жарияламауды сұраған көп балалы ана азық-түлік бағасының тұрақты өсуіне шағымданады.

«Тауарлардың негізгі түр­лерінің бағасын ұстап тұру үшін мемлекеттік орган мен заңды негіз жоқ па еді? Бағалар шексіз өсе береді, ал табысымыз өзгермей, бұрынғыдай қала береді», дейді ол.

Ауылдың тағы бір тұрғы­ны бюджет қаржысының қанша­лықты тиімді жұмсалатынына алаңдаушылық білдірді.

«Мен жыл сайын абаттан­дыру­ға, жаңа нысандарға мол қаражат бөлінетінін білемін. Бірақ жұмыс сапасына күмән бар. Міне, қазір біздің ауылда балабақша салынып жатыр. Оған 250 миллион теңге бө­лінді. Ал бұл ақша қалай жұм­салады? Бұл сұраққа кім жауап береді? Жалпы, ақшаның қалай жұмсалатынына халықтық қатаң бақылау қажет», дейді ол.

Атырау облысындағы қо­лай­сыз эпидемиялық жағ­дайға байланысты Мәжіліс депутат­ты­ғына үміткер Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев онлайн-ре­жімде халықпен кездесу өт­кізді. Олар елдегі әлеуметтік-эко­но­микалық жағдайға жүр­гізілген талдау негізінде партияның мін­деттері туралы айтып берді. Тікелей эфир барысында көрер­мендер өздерін мазалаған сұрақ­тарды спикерлерге қойып отырды.

Мәселен, қатысушылар негізі­­­нен халықтың әлеуметтік әл-ауқа­тын жақсартуға қатысты ұсы­­ны­с­­тарға назар аударды. Спи­­­кер­л­ердің айтуынша, әлеу­мет­­тік сала басты мақсатқа айнал­­­мақ. Оны іске асыру үшін бюд­жет қызметкерлерінің орта­ша жалақысын 200 мың теңге дең­гейіне дейін арттыру, фермер­лер­дің мемлекеттен субсидия алу жағдайын жақсарту, проб­ле­ма­лық несиелерге рақым­шы­лық жасау, ауылдағы тұрғын үй құ­рылысын жандандыру, ауыл­дық жерлерде жаңа жұмыс орын­дарын құру және басқа да мәсе­лелерді ілгерілету жоспарда бар.

Нұр-Сұлтан қаласында ADAL партиясының филиалы ұйым­дастырған бос жұмыс орын­дарының жәрмеңкесі өтті. Жиын барысында 20-ға жуық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 70-тен астам елордалық жұмыс іздеп келді.