Қаржы • 18 Желтоқсан, 2024
Зейнетақы жинағының шегі өзгермейді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) келесі жылға арналған жинақты пайдаланудың жеткілікті шегін жариялады. 2025 жылы зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі (ТЖШ) өзгермей, биылғы деңгейде өзгеріссіз қалатын болды.
Өндіріс • 18 Желтоқсан, 2024
Күнделікті тұрмыс-тіршілікте алуан түрлі қолданысқа пайдаланылатын заманауи үлгідегі электр шамдары Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы «Kaz Tek Invest» зауытында өндіріледі. Отандық кәсіпорында жарық диодты шамдардың 100-ден астам түрі шығарылады. Оның ішінде кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған әртүрлі пішіндегі шамдар бар.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2024
Басты міндет – заман талабына сай болу
БҰҰ дерегіне сүйенсек, еліміз цифрландыру саласында 193 мемлекет арасында 24-орында келеді, ал онлайн-қызметтер индексінде 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, бүгінде интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. Бұл, әлбетте, бір күнде бола салған жетістік емес, жылдар бойғы жүйелі жұмыстың нәтижесі екені анық.
Банк • 18 Желтоқсан, 2024
Банк жүйесінде тәуекел азайған
Әлемдегі ең беделді рейтинг агенттіктерінің бірі «S&P Global Ratings» еліміздің банк жүйесіне қатысты бағалауын жақсартты. Бұрын банк жүйесі 8-топта тұрса (мұнда тәуекелдер көп деген сөз), қазір 7-топқа көтерілді.
Несие • 18 Желтоқсан, 2024
Биылдан бастап елімізде микроқаржы омбудсманы институты жұмыс істейді. Қаржы омбудсманы – қаржы ұйымдарымен тұтынушылар арасындағы дауды шешетін тәуелсіз тұлға. Онда микроқаржы ұйымының клиенттеріне тегін көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.