Өнер • 23 Желтоқсан, 2020
Тәуелсіздік күні «Астана Опера» театрында елордалық көрермен назарына ұсынылған «Дала үні» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы талғампаз өнерсүйер қауым үшін тамаша тарту болғаны сөзсіз. Өйткені өнердің бұл айтулы оқиғасын көпшілік ерекше толқыныспен асыға күтті. Би тілінде бейнелі бедерленген балет шын мәнінде ұлттық өнер қоржынына қосылған қомақты олжа десек, титтей де артық айтқандығымыз емес.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2020
«Бэби бокс» қоқысқа бала тастауды тыя ала ма?
Күні кеше Алматы облысындағы Есік қаласында тастанды баланы қабылдайтын арнайы орын ашылды. Әсілі бұл хабарды естуге қазақ қоғамы дайын болмағандай көрінгенімен, нақты шындық біз ойлағаннан әлдеқайда ащы әрі жасырып, жабуға келмейтін жағдайға жеткен екен. Яғни елімізде алғаш рет ашылған тастанды сәби қабылдау бекетінің жұмысына қажеттілік болғанын жоққа шығара алмаймыз.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2020
Қазақстан азаматтары Оманға визасыз бара алады
Оман Сұлтандығының үкіметі әлемнің 103 мемлекетінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының, азаматтары үшін 10 күндік визасыз тәртіп енгізгенін жариялады.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020
Түркістан облысында тұрмыстық техникалар шығарылады
Artel компаниясы Түркістан облысында ас үй плиталарын, қалыптау бұйымдарын және электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салады. Екі кезеңде жүзеге асырылатын жоба аясында 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделуде. Бірінші кезеңде, яғни 2021 жылдың соңына қарай жыл сайынғы қуаты 500 мың бірлік тұрмыстық техника – ас үй плиталары өндірісі іске қосылады. Екінші кезең – 2022 жылдың соңына қарай электр су жылытқыштарын өндіру жоспарланған.
Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2020
Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынады
Жеке ұйымдар оқушылар мен мұғалімдерге арналған күмәнді ақылы онлайн конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастырып жүр. Сондықтан ҚР БҒМ педагогтерді, ата-аналарды ұйымдастырушылардың алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады. Олардың көздеген мақсаты – заңсыз ақша жинау.