Экономика • 18 Желтоқсан, 2024
Инфрақұрылымды дамытудың серпінді стратегиясы
Биыл ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, шалғай және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі айқындалды.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2024
Шикізаттық емес сектордың үлесі артты
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Отырыста елдегі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі де талқыланды.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
Ғылымсыз өндіріс өрге баспайды
Жуырда Солтүстік Қазақстан университетінің диалог алаңында еліміздің агросекторы мәселелерін шешуді талқылаған ғылыми-технологиялық сессия (агрохакатон) болып өтті. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ және М.Қозыбаев университеті Солтүстік және Орталық Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарын дамыту жөніндегі ғылыми-технологиялық сессия ұйымдастырды.
Білім • 18 Желтоқсан, 2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде коммерцияландыру әлеуеті бар үздік жобалар байқауының жеңімпаздары «Жаңа асу» грантына ие болды.
Университет • 18 Желтоқсан, 2024
«ISSAI KAZ-LLM» үлкен тілдік моделі әзірленді
Nazarbayev University-дің (NU) Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) зерттеушілері оқу орнында өткен брифингте нейрондық желі негізінде әзірленген «ISSAI KAZ-LLM» қазақ тілінің үлкен тілдік моделін таныстырды. Бұл жоба – отандық жасанды интеллектінің әлемдік аренадағы ықпалдастығын арттырудағы маңызды кезең саналады. Қысқаша айтқанда, қазақ тіліндегі «ChatGPT»-дің негізі деуге келеді.