Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті – этносаралық қарым-қатынас саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
Өзіміз көрген іскер топ өкілдерінің арасынан Серік Малаев ағамыздай жүрегі жұмсақ, адал адамды бұрын-соңды көрген емеспін. Айбынды азамат Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданының Ковыльное ауылында тұрады. 15,5 мың гектардан артық астық алқабы, мыңнан артық ірі қарасы мен жылқысы бар «Ақселеу» ЖШС-нің ұзақ жылдардан бергі басшысы.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024
Tik-tok тренд немесе төрт аяқтыға табынғандар
Жан-жануарларға еліктеп, төрт аяқтының кейпіне еніп, тірлік кешіп жүрген жасөспірімдер көбейді. Бұл – Tik-tokтан басталған жаңа тренд. Еліктеушілер қоғамдық орындарда көзге көп түсе бермегенімен, мегаполистерде арагідік бой көрсетіп жүр. Оны әлеуметтік желілерден байқап қаламыз. Содан кейін де қоғамның қызу талқысына түсті.
Таным • 18 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: 8 жасар чемпион
Астана қаласындағы № 86 мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
Бекет ата кешеніне автобус қатынайды
Бекет атаға зиярат етіп барушыларға көлік қатынасы қиындық тудырып жүрген еді. Қымбат бағаға көлік жалдап бармаса, басқа мүмкіндік жоқ болатын. Енді Маңғыстау облысында «Ақтау – Бекет ата – Ақтау» бағытында жаңа маршруттық автобустар қатынайтын болды. Маршруттың тұсауын кесіп, алғашқы жолаушыларды шығарып салу шарасы салтанатты жағдайда өтті.