Елордалық оқушы бұған дейін шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open-2023» халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған еді. Түрлі әлем чемпионатына да қатысқан.
Ең үлкен мұзайдын
Жақында ғана Санкт-Петерборда ашылған мұзайдын Ресейдің рекордтар кітабына енді.
28 мың шаршы метр аумақты алып жатқан кешенге 2 жарым мың адам сыяды. Ерекшелігі, мұнда қарапайым адамдардан бөлек кәсіби спортшылар да келеді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасының өкілдері ақысыз кіреді. Студенттерді де қамтыған бағдарламалар бар.
Робот бақташы
Аустралияда сиырды «SwagBot» деп аталатын робот бағады. Оны Сидней университетінің ғалымдары 2016 жылы жасап шығарған. Бірақ жалпыға алғаш рет ұсынылып отыр.
Төрт аяқты құрылғының жұмысы жасанды интеллектіге негізделген. «Сиырлар да біліп алған. Робот қайда барса, олар да ілесіп сонда барады. Сенсорлары арқылы топырақтың, шөптің құрамын, құнары мен жалпы сапасын анықтайды. Сөйтіп, шұрайлы жерді дәл табады», дейді Сидней университеті роботтехника және зияткерлік жүйелер профессоры Салах Суккарие.