Мәселе • 14 Желтоқсан, 2023
Ауыз су мәселесі шешімін табады
Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жылға дейін ауыл халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып отыр.
Сұхбат • 14 Желтоқсан, 2023
Дәурен АХМЕТБАЕВ, энергетик-ғалым: Отандық энергетика ентігіп тұр
Еліміздің электр қуатын өндіру әлеуеті өте жоғары. Дәстүрлі стансаларды айтпағанда, кейінгі уақытта ден қойылған балама бағыттардың өзі үлкен басымдыққа ие. Десек те бұл салада түйіні тарқамаған мәселе де шаш-етектен. Солардың біразына техника ғылымдарының докторы, еліміздің құрметті энергетигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Дәурен АХМЕТБАЕВПЕН болған әңгімеде кеңінен тоқталдық.
Халық • 14 Желтоқсан, 2023
Теріскей тұтастығы – елдің мүддесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұған қоса кейінгі жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз. Бұл екі мәселенің де стратегиялық маңызы бар», деп жазды.
Жастар • 14 Желтоқсан, 2023
Атырауда жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар берілді. Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына 50-ден аса азамат өз жобасын ұсынған. Олардың 10-ы үздік деп танылып, қайтарымсыз грантқа ие болды.
Кино • 14 Желтоқсан, 2023
Бүгін елімізде анимация саласы біртіндеп жанданып келеді. Бұл сөзімізге таяуда ғана You Tube-та жарық көрген «Шырақ» мультфильмі дәлел бола алады. Құндылықтар дәріптелген анимациялық туынды әлеуметтік желіде біразға дейін трендтен түспеді. Халықтың рухани мәдениетін байыту жолындағы игі істе, әсіресе, жастардың қызығушылығы басым. Осы тұста отандық анимацияның бүгіні мен болашағына көз салдық.