Бокс • 13 Желтоқсан, 2024
IBA Азия чемпионатындағы өзбекке кеткен «алтынды» Абылайхан Жүсіповке қайтарды
71 келіде Азия чемпионатының алтын медалі Абылайхан Жүсіповке берілетін болды. Қазақстан бокс федерациясының наразылық хатынан кейін IBA және ASBC ұйымдары ресми хат жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Оқырман ойы: Игі істің дәнекері
Бір ғасырдан аса тарихы бар «Egemen Qazaqstan» газетін елу жылдан бері үзбей жаздыртып алып отырамын. Аптасына бес рет қолымызға тиетін бас басылым беттерінде жарияланып тұратын ел тарихына, ұлт руханиятына қатысты құнды материалдарды, бүгінгі қоғамның қалпы мен мемлекетіміздің даму бағытын терең талдап, жан-жақты сараптап, көкейге сәуле түсіретін салмақты дүние, байсалды ой, байыпты мақалаларды тұщынып оқимын.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Елорадағы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас ғимараты алыстан көзге айрықша көрінеді. Сән-салтанаты келіскен сегіз қабатты нысан еңселі, айбынды. Әсіресе маңдайындағы «Egemen Qazaqstan» деген жазу ерекше көрік пен мазмұн береді. Шынын айтқанда, қазақтың талай жақсылары мен жайсаңдарының ізі қалған бұл ғимараттың тарихы бас шаһар шежіресімен астасып жатыр.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?
Бәрі де тәжірибеден, бір кездегі қолға алған істің уақыт өте келе ой-санаңда қайта жаңғырғанынан басталады. Ол дегеніміз – оның жалқыдан жалпының игілігіне айналған жұмыс дағдысы деген сөз. Мұның тамаша бір үлгісін «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істеп жүргенде көріп, оны ұмытпай есте сақтап қалғаным бар. 1976 жыл еді. Партияның ХХV съезі алға қойған міндет – сапа бесжылдығында елде өте шұғыл деп айтарлық ұйымдастыру жұмысы қолға алынды. Ол жер-жердегі ұжымдардың бәрінде бұрыннан бар социалистік жарыстың жаңа формасы табылсын.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Қазақ мәдениеті мен руханиятының көрнекті тұлғалары Шерхан Мұртаза мен Камал Смайыловтың ұзақ жылдар бойы жұп жазбай, жұп жазса да, көз жазбай қатар жүрген жолдастығы мен достығы қоғам өмірінде өзгеше өрнек салып, өнегесін де орнықтырды.