Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
«Тәуелсіздік» дегенде біз тек 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланған саяси азаттығымызды ғана есімізге алатынымыз рас. Иә, бұл – ұлы мерекеміз. Тәуелсіздіктен қымбат қазынамыз да, байлығымыз да жоқ. Дегенмен халқымыздың рухани, мәдени, сана-сезім деңгейіндегі тәуелсіздікке ұмтылысы одан ертерек басталған және бұған бүгінде 105 жылдығын тойлап отырған біздің басылымның қосқан үлесі зор.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
«Қазақ газеттері» ЖШС мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті басшылығы арасындағы келісім нәтижесінде болашақ журналистердің теориялық білімін өндірісте, тәжірибе жүзінде ұштастыруға мүмкіндік жасалып отыр. Аталған оқу орнының Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде білім алып жатқан студенттердің тәжірибелік сабақтары былтырдан бері «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында өтіп келеді.
Технология • 13 Желтоқсан, 2024
Жасанды интеллект табиғи өсімге жол ашады
«Google» компаниясының бас атқарушы директоры Сундар Пичаидың «Жасанды интеллект (ЖИ) – электр қуаты сияқты, қандай салаға енсе де, шексіз мүмкіндікке жол ашады» деген сөзі бар. Расында, ол кейінгі онжылдықта тек технология саласының емес, бүкіл өндірістің ажырамас бөлігіне айналды. Өнім сапасын бақылаудан бастап, өндіріс үдерістерін автоматтандыруға дейінгі тізбекте тізгін ұстап жүр. Бірақ бұл – бастамасы ғана. Болашақта ЖИ өндірісті адам танымастай өзгертеді. Біздің ел де елеулі үрдістен қалыс қалмауға барынша қамданып жатыр.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
«Egemen.kz»: Шетелдік оқырманымыздың көбі – АҚШ-та
Дәстүрлі БАҚ-тың дамуы өз алдына. Уақыттың көшіне ілескені бар, іркіліп қалғаны бар, ілініп-салынып, оқырманымен әйтеуір бір қауыша қалатыны бар, тіпті іргесін кеңге салғаны бар. Қолыңыздағы газет – соңғысының мысалы. Ғасырдан асатын шежіресінде оқырманынан шет қалған емес. Қандай заманда да қолынан табылып, көз қуанышына айналып жатқаны.
Экономика • 13 Желтоқсан, 2024
Өнеркәсіп әлеуетінің экономикалық негізі
Мемлекет тарапынан өнеркәсіптікті дамыту мен отандық өндірушілерді қолдауға айрықша көңіл бөліп отыр. Халыққа Жолдауында Президент «Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасады. Онда терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды» деген еді.