Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2018
Тарбағатай ауданының әкімі семейлік жастармен кездесті
Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев Семей қаласының студент жастарымен кездесті. Семей медицина университетінде өткен кездесуге шаһардағы университеттер мен колледж басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысты. Іс-шараның аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде Тарбағатай ауданы әкімдігінің өкілдері білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салалардағы бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұл туралы оқу орнының фейсбуктегі парақшасы хабарлады.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2018
ШҚО Алтай ауданында Татуласу орталығы ашылды
Тұңғыш Президент күні мерекесінде Алтай (Зырян) ауданында Татуласу орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдуғалиев, аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов, ақсақалдар мен медиаторлар қатысты.
Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2018
Күй жетті Алтай-Қобда – арғы беттен...
Аптаның соңғы жұмыс күні Астанадағы Ұлттық музейде «Қазына» сериялық басылымы аясында жарық көрген «Алтай-Қобда қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері» атты кітабының беташар таныстырымы өтті.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2018
Астанада Өспен ауылының азаматтары бас қосты
Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Өспен ауылының азаматтары Астанадағы «Астана Арена» стадионында футболдан жолдастық кездесу өткізді.
Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2018
Өспен ауылының ардагерлері «Егемен Қазақстан» газетіне қонаққа келді
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елордаға киелі Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Өспен ауылынан келген бір топ ардагерлер қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінде болып, редакцияның тыныс-тіршілігімен танысты.