Меймандар бас басылымды қызыға оқитындарын жеткізіп, игі тілектерін айтты. Емен-жарқын кездесуде тариxтан бастап, ауылдағы мәселелерге дейінгі біраз дүниелер талқыланды.
Оқырмандар газетте көтерілген мәселелердің халықтың қолдауына ие болып жатқаны, тарихи - рухани жаңғыруға қатысты тақырыптардың көкейден шығатынын жеткізді.
«Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Д. Қыдырәлі басылымның қазіргі жетістіктері мен келешек жоспарлары туралы әңгімелеп берді.
Кездесу соңында, газеттің тарту-таралғысы жасалып, естелік суретке түсті.