Үкімет • 12 Желтоқсан, 2023
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Үкімет • 12 Желтоқсан, 2023
Шаруадан бидай сатып алуға қаржы бөлінді
Ел Үкіметі шаруаларды қолдау бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Отандық аграрийлерден 4 және 5-класты және классыз бидай сатып алу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Саясат • 12 Желтоқсан, 2023
Мәжілісте есірткіге қарсы іс-қимыл жөнінде Үкіметтік сағат өтті. Депутаттар аталған мәселенің өзектілігін жан-жақты талқылады. Жиын барысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Құқық • 12 Желтоқсан, 2023
Адам құқығын қорғау: Кемшілік пен жетістік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары» деп аталатын стратегиялық құжатқа қол қойды. Алдағы екі жылда атқарылуға тиіс нақты шараларды айқындап берген бұл құжатта адам және оның өмірі, бостандығы мен құқығы деген қағиданы берік ұстану қажеттігі айқындалып отыр. Осы орайда біз елордада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларына «Адам құқығын қорғау саласындағы жұмыс азаматтардың өмірі мен бостандығын сақтауға септігін тигізіп жүр ме?» деген сұрақ қойған едік.
Білім • 12 Желтоқсан, 2023
Ауыл баласы қайтсе сапалы білім алады?
Қолданыстағы «Білім туралы» Заңда еліміздегі барлық баланың тұрған жеріне, жағдайына қарамастан, сапалы орта білім алуға құқылы екені анық жазылған. Бірақ «Ауыл баласы мұндай мүмкіндікке ие ме?» деген сұрақ туындайды. Себебі шалғай елді мекендегі білім ошақтарының материалдық-техникалық базасының деңгейі қала мектебінен әлдеқайда төмен екені ақиқат. Ауылда кадрдың тапшы екені де белгілі. Қайтпек керек? Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасы мен мүмкіндіктер теңсіздігін қалай жоямыз?