Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2018
Партиялық жобалар тиімді жүзеге асырылуда
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Шығыс Қазақстан облысына барды. Сапар барысында ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевпен және облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге өңірде алғаш рет өткізілген республикалық «Digital East – Болашаққа қадам» ІТ-форумына қатысты. Сондай-ақ Облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа барып, цифрландыру саласындағы өңірдің жетістіктеріне назар аударды.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
QAZFORUM-2018 қазақтілді контентті дамыту мәселелеріне арналды
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» РТРК Астанада ұйымдастырған аталған шарада қазақтілді контентті дамыту мәселелерімен қатар, медиа нарықтағы жаңа трендтер мен таяу келешекке жасалған болжамдар талқыға түсті. Оған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, елімізге белгілі медиа сарапшылар, БАҚ басшылары және журналистер мен блогерлер қатысты.
Өнер • 07 Желтоқсан, 2018
«Кинематография туралы» заң қабылданды
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның кезекті отырысында бес мәселе қаралды.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы, Иран мен Ресейге қарсы салынған санкциялар және дамушы елдер нарығынан капиталдардың шығарылуы – мұнай бағасының құлдырауына әсер етіп отырған негізгі факторлар. Қара алтын құнының құлдырауы инвесторлардың сенімін сейілтсе, мұнайға экономикасы басыбайлы тәуелді елдер өндіріс көлемін бәсеңдету арқылы бағаны қалыпқа келтіруді көздейді.