Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Байқау лауреаттары марапатталды
Елбасы кітапханасында «Туған жерім» XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі «Туған өлкем» республикалық бағдарламасының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Үздіктерге «Алтын тобылғы» табысталды
Назарбаев орталығында «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы қорытындыланды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Президенттік олимпиададан олжалы оралды
Жуырда Теміртау қаласында республика мектептерінің 11-сыныптарында оқитын жас интеллектуал оқушылар арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 11-ші Президенттік олимпиада өтті. Білім бәйгесіне 14 облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 157 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде өтеді
Неге ағылшын тілін үйрену керек? Өйткені бұл бүкіл прогрессивті әлемді байланыстырады. Бұл ғылым мен технологияның тілі. Бұл экономикадағы және бизнестегі зерттеулердің басым бөлігін жасайтын құрал. Ағылшын тілін меңгеру адам үшін үлкен перспективалар ашады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жастарға өзгерістерден қорықпай, ағылшын тілін жан-жақты зерделеу, үйрену керектігін айтқан болатын. Сондықтан еліміздің бастауыш және орта білім беру мекемелерінде шет тілін үйретудің кешенді бағдарламалары жасала бастады.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Арқалықта күніне 10 тонна өнім шығаратын ет комбинаты ашылды
Арқалық қаласында күніне 10 тонна ет өнімдерін өндіретін заманауи ет комбинаты жұмысын бастады. Бұл арқалықтықтар үшін біткен үлкен іс болды. Комбинат тек арқалықтықтар үшін ғана емес, тұтас Торғай өңірі, одан қалса, көрші Ақмола, Қарағанды облыстарының іргелес жатқан аудандарының шаруашылықтары үшін де тиімді болғалы тұр.